05.05.2022
331
![](/uploads/shorttexts/author_image/photo5208474477736868270vapvap.jpg)
Достар әні
Ақ, қарамыз, сарымыз –
тату, доспыз бəріміз.
Достық жайлы əн салып,
шырқатайық, кəне,біз.
Жүзімізге қараңыз –
бал күлкілі баламыз.
Бізге қымбат күншуақ,
бізге қымбат анамыз.
Күннің нұрын сүйеміз,
қырдың гүлін сүйеміз.
Бізді ойнатып тəтелер,
күлдіргенін сүйеміз.
Балдырғанбыз арай жүз,
бал-бұл жанып қараймыз.
Ойыншықтар біздерде
көп болғанын қалаймыз.
Таласпаймыз біз бірақ,
отырмаймыз тұнжырап,
қуысамыз көгалда,
жүгіреміз құлдырап.