05.05.2022
192
Үй жақсы ма, бақша ма?
Қызықпын-ау өзім де,
мақтанарым шамалы:
үйге келген кезімде
кеткім келмей қалады.
Жан əжемнің жанында
тіпті рақат секілді:
айтады ұйықтар шағымда
ертегіні не түрлі.
Ал бақшаға бармасам,
тұра алмаймын тағы да.
Мұнда қызық əрқашан,
келем сосын сағына.
Үй жақсы ма, бақша ма –
білмей жүрмін со жағын.
Екеуіне сондықтан
ортақ бала боламын:
Күндіз ойнап бақшада,
үйге келіп қонамын.