05.05.2022
  319


Автор: Фариза Оңғарсынова

Бақша біздің үйіміз

Бала бақша көрінді,
келіп қалдық, міне, біз.
Бақшамызда көңілді,
əн саламыз, күлеміз.
Жалықпаймыз мұнда түк,
əткеншек те тебеміз.
Тақпақтарды зулатып,
би де билеп береміз.
Апай əнді бастайды,
қосыламыз басқамыз.
Ешкім мұнан қашпайды,
үйіміз ғой – бақшамыз.





Пікір жазу