05.05.2022
184
Жұмыс
Анам мені ертемен
оятады тұр-тұрлап.
Ұйқы тартып желкеден,
мен жатамын қыңқылдап.
Анам менің расында
түсінбесе не етемін:
Əжетайдың қасында
маған жақсы екенін?
Ұйқы деген досыммен
қоштаспасам дұрыс па?
Əкеме еріп сосын мен
кетем күнде «жұмысқа».
* * *
Мен бақшаға барамын,
ойнаймын, əн саламын.
Тəрбиеші тəтелер –
Досы барлық баланың.
Достарым көп басқа да,
көңіліміз бақшада.
Бізге тақпақ үйреткен
əйбат тəте, жақсы аға!
Араздықты білмейміз,
тамақты да бір жейміз.
Жаман бала секілді
төбелесіп жүрмейміз.