05.05.2022
  128


Автор: Фариза Оңғарсынова

Хафиздің ізімен

қыны ханын іздесе, көргені елдің сор болар,
Ал ханы ақынын іздесе, бақытты халық сол болар.
Хафиз
Есті хан – ел бақыты, біл, іншегім!
Дос емес – алдыңда ылғи жүгінсе кім.
Ойлар ол: «Беделімнің қажеті не –
бел шешпей, жаны жүдеп бүгілсе елім!»
Өзгеге өз қамы үшін қажетсің сен –
əуелі өз халқыңның ұғын шерін!
Естімін деген жандар түйсін мұны:
ел ұлын елеңдетпес сый сыңғыры,
қашан да оның ойлы дидарынан
адамға мейірімнің құйсын нұры.
Патша-қор, ханымының кескінінен,
ісінен есіп тұрса мисыздығы.
Қаһармен, билік барда, жан алсақ та,
хан ізі қалар есте, қалар тақта.
Патша-қор, естілерді есепке алмай,
толтырса айналасын жарамсаққа.
Ақылсыз таққа отырса, елі азады,
Құдайым, жер-бесікті содан сақта!





Пікір жазу