05.05.2022
137
Парсы əйелінің ішкі сыры
Ішімде айтылмаған көп сырларым,
бұл жайды біліп жатқан жоқсың бəрің,
селеудей сезімдер көп лапылдаған –
жанымды жылытпайды шоқсыз жалын.
Бұлдырап жырақтайды жылаулы арман,
шырқамас шарықтамас бұғау барда əн.
Тек қана əлсіздер мен күштілерден
байқасам тұрады екен мынау жалған.
Жер-дозақ тарамдайды талғамдыны,
адамның төмен кейде аңнан құны.
Құйрықты жұлдыз ғұмыр бұл өмірдің
шындығы аз, ылғи басым жалғандығы.
Салғанда зіл салмағын бұлтты күнім,
мəңгіге үзілердей кілт ғұмырым.
Ұмтылам заңғар көкке, мен бəрібір
заңдар мен орталардың тұтқынымын.
Тамағым тас тығынмен қылғынуда,
əнсіз тұл шайырың ба, бұлбұлың ба.
Бəріңнен баз кешуге бармын бүгін –
түк емес еркіндіксіз Күн ғұмыр да!