05.05.2022
124
Бұқардың екінші сөзі
Жалаңаш жатып, жай тұрып,
төстеріңе таңда май тұнып,
тымырсық, тыныш кең жерде
жемсауларыңды жемдеуге
күн кешу үшін дара тым
тыныштық керек сендерге!
Бықсықтарыңды қағатын,
мазаларыңа ойран салатын
алапат дауыл – желдерге,
теңіз қопарған сеңдерге
қарайсыңдар ма қалшылдап,
зəрелерің ұшып, жан сыздап?
Қорқыңдар (тұрмай ісініп)
бейшаралықтарыңды түсініп!
Алдамшы адалдықтарыңды,
арбаушы адамдықтарыңды
талқан ғып көкке ұшырып,
төбелеріңе жайды түсіріп,
келеді дауылы Арқаның,
тақсырсыған талай талтағын
паналап жүрген хан тағын
алжыған атанды көсем деп –
Күнбатыстан қара нөсер кеп
шығарады əлі-ақ талқанын.
Жанталасасыңдар сонда бір
тыпырлап тыңдап жалқы əнін
халықтағы қара балтаның!