05.05.2022
  158


Автор: Фариза Оңғарсынова

Өмірге тұрар үш күні

Туған жер, елдің ішінен
жанашыр болды түн ғана:
дегендей бəрін түсінем
жасыра қойды жылғаға.
Тауға да жеттік ентігіп,
бұлақ-қыз күлді сылқылдап.
Жұлдыздар жиі. Жел тымық.
Қос жүрек қана тұр тулап.
Жастанып жұпар жусанды,
Көрпеміз – түннің шəлісі.
От сезімдерден бусанды
қаңырап қалған тау іші...
Жүректер жалын. Мекен – құз.
Жанарға бақыт-нұр қонып.
Тілеумен жаттық екеуміз
тұрғай деп мəңгі түн болып.
Таңдағы түстей тəтті еді –
өмірге тұрар үш күнім.
Таптады қыршын сəтте бір
тырнағы заман-күштінің.
Азапқа салсын.
Жүдеп мен
кінəлі жандай жасыман:
Айнымас асау жүрекпен
ақ сезіміме бас ұр





Пікір жазу