Ашыну
Түрмедегі Ақбөбекті патша
офицері корламақ болады.
Селтиген сары!
Жетіспей тұрғаным сен едің,
келдің бе тағы көлгірсіп зымиян күлкіңмен!
Ұстай алмассың Бөбектің шəйі желегін,
əзер болса, дозағым болар бұл түрмең.
Ит өлген жерден келді екен сені кім айдап,
қаңғыбастарға мекен болған ба бұл аймақ?!
Тірілей мені тəлкек қып қойған мұндайға
соқыр екен ғой Құдай да!
Күні кеше сен «жабайылар» деп шікірейіп
тұрдың емес пе,
сары жез мұртың тікірейіп тұрды емес пе!
Жабайыны жөнге саламын десең, алдымен
мəдениеттілігіңді елестет!
Жолама маған,
қолаңса-сасық, күлімсі исіңнен жерінем,
қорқытам деме – талай қорқудан батыр боп
алдым тегі мен,
сенсіз-ақ көрген азабым бастан асып тұр
мынау даланың шонжарлары мен бегінен.
Тірілей сенің құшағыңа енбен, жүн ерін,
аю мойныңа асыла алмайды Қайыпты ораған
білегім!
Асқақтығым асып, ашуың қысса, жарып же
жабайы қыздың жүрегін!