05.05.2022
122

Сөнбейтін сезім
Дауысың келді-ау құлаққа, сағынышым,
құсалықтан Бөбегің арыды шын.
Кеше мені азаптап көп сұрады:
«Қай бетке ұшып кетті, – деп, – тағы құсың?»
Сенің əнің сайрап тұр көкіректе,
ойламашы азаптан өкінед деп.
Менің бойым өрт тұрған.
Қосылмайтын
жүректердің, жаным-ау, оты көп пе?
Қайда жүрсің қамығып, сұңқар құсым,
бізден бақыт қиялдай бұлтарды шын.
Бөбек сендік жанары жұмылғанша,
арнаса да дүйім ел – мың қарғысын.
Төксін теріс батасын, жала, кегін –
өзгермейді өзіңдік жан екенім,
ұқсын, мынау ұға алса, көр кеуделер,
сөнбейтұғын сезімдер бар екенін.