05.05.2022
  216


Автор: Фариза Оңғарсынова

Даламен сырласу

Дала, менің жеңешемдей
кетіпсің ғой құлпырып тым!
Маған пəлен демесең де,
жанарында нұр тұнып тұр.
Көктеменің күн шуағын
сағыныпсың, ұғып тұрмын.
үйде мен де тыншымадым –
құлпырдың да, қызықтырдың.
Тыным көрмей жыршы құс-ақ
саған арнап жаңаша əнін,
түріне тым тұрсың ұсап
əжем терген алашаның.
Тіршіліктің бəрі бүгін,
бəрі бүгін бір түледі.
Таулар ғана кəрілігін
сезінгендей күрсінеді.
Сілкінбеді, шөге берді,
қажыған ба өмір соғып?
Асқақ кейпі келе ме енді,
ойлағанмен көңіл солып...
Кəрі таудың құшағына
тұрақтамай бұлақ-қыздар
қарт жүрегін құса қылып
кетіп жатыр құлап құздан.
Қатпар шыңның мүжік басын
келемеш қып, қарашы əні,
жеткізбей жүр күліп қашып
жалаң аяқ бала сағым.
... Мен түнімен көз ілмедім,
көңілім де тыншымайды.
Бір бейтаныс сезім менің
жүрегімді шымшылайды...





Пікір жазу