05.05.2022
180
Флейта
Мен сенсіз өмірімді
елестете алмаймын мүлде, мүлде!
Екеумізде таң мен түс, түн де бірге.
Жүрек сырын шертуді басқа адаммен
өңім түгілі, ойлауға жасқанам мен!
Бұл өмірде
жалғыз жүру құлазып – жаза жанға,
аузын ашып тұрғандай ажал алда.
Шақырмайды əуендер тымық таңға –
сенсіз жерде əн, бақыт, қызық бар ма!
Махаббатым –
мөлдір əуен, сұлу саз көктемдерім,
көктемдерім – өзіңнің өбкен демің!
Тірлік əні – нұры боп көрінсе Күн,
жүрегімнің жалқы əні – өзің сенің!
Мен мынау дүниенің
келем кешіп өзіңмен асуларын,
асулардан қиналсаң, қасыңдамын.
Жүрегінен жырлайды ғашық жаным
махаббаттың мəуелі жасыл бағын!