05.05.2022
  119


Автор: Фариза Оңғарсынова

Гобой

Бөбектерім, күн, жүрегім,
менің алау гүлді реңім,
жүрегімнің діріліндей
нəзік, əсем үнділерім!
Сүттей сұлу сəулелерім,
сендер – əсем əн дегенім,
тірлігімді, өмірімді
бөледіңдер сəнге менің.
Өмірімнің кілті – демім,
сендерсіңдер нұр тілерім,
қоңыр сазым – кірбіңдерің,
шатты əуенім – күлкілерің.
Аяулы əнім, əуендерім,
əуендерім – əлемдерім,
жүрегімде – сендерсіңдер,
жүрегімде – əлем менің.
Өздеріңсіз үн тірілмей,
жанарыма күлкі ілінбей,
сендер менің тірлік əнім,
жүрегімнің лүпіліндей!





Пікір жазу