05.05.2022
185

Литавра
Өмір – айдын
сəттері кем ақтымық,
қарсы ағыстар қақтығып,
арғымақ жал ақ толқындар алысып,
бірін-бірі тұңғиыққа лақтырып,
жартастарды құшақтайды аптығып.
Өмір – шырқау,
найза шыңдар өр кеуде,
ғұмыры өтер желкемде,
жалаң төсін ашып тастап найзағайлы семсерге,
жалғыз қорғап жалғыз, асқақ тірлігін,
қалар бүгін, ертең де.
Өмір – ырғақ,
нəзік əуен, асқақ үн,
айдын, дала, аспан – үн!
Ғұмыры жоқ ырғақтардан басқаның!
Ей, адамзат, бас əуенге, қос əнге,
шырқат биік тіршіліктің дастанын!
Өмір – ырғақ, əуеніне ермесең,
тірлігің – тұл, тас – жаның!
Ғұмыры жоқ ырғақтардан басқаның!