05.05.2022
  102


Автор: Фариза Оңғарсынова

Оркестр

Замандар – құбылыстар
(құбылыста қозғалыс – ұлы күш бар):
қарсыласу, шарықтау, қақтығыстар,
тұралау, жығылыстар,
заманның тыныс, қаны –
Адам, Уақыт,
алмасып қылыштары
жеңісе алмай, жеңе алмай, жағаласып
жүргізуде бітпейтін ұрысты əлі,
ұрыстары – заманның дыбыстары.
Əлем – дыбыс, дыбыстар, сан дыбыстар...
сан дыбыстар – тіршілік, жаңғырыстар:
түн, ғашықтар, көк аспан, найзағайлар,
гүл көктем, қарлы қыстар;
жанартау, жарылыстар,
жылау бар, сағыныш бар,
бəріне ынтық сəби бар, қария бар
тірлікке жаны құштар,
еркіндікке ғана тəн тағы күш бар,
бар амалсыз күрсіну, жалыныштар,
саңқылдаған дауыс бар,
мылқаулық бар,
ағыстардың бойымен ағылыс бар,
бар қателік, өкініш, жаңылыстар,
110
мəңгілік бар, заңдар бар, бағыныш бар;
əлем, əлем... –
дірілдер, жаңғырықтар,
пəктік бар, шаң, былық бар;
ерік те бар, ерікті бұғаулайтын
бар əлі тал құрықтар;
Əлем тілі – дыбыстар, мұның бəрі,
тіл-тірлік, ғұмыр нəрі –
аударылмас дыбыстар –
сан заманның
бəрінің ұғымды əні.





Пікір жазу