Қарғыс
Қара континент туралы толғау
Дауылды менің ғасырым!
ұлылығыңа, қайсарлығыңа бас ұрам.
Сендегі құйын екпінге ере алмай
жүргендер үшін ашынам.
Табына алмайтын бейшара жандар сұсты кейпіңнен
шошынып,
ұрмай-соқпай жасыған.
Перзенттігім саған шын болса менің, бықсымай
қара түндерде отты ұшқын болып шашылам
немесе құм боп басылам!
Əйтеуір бей-жай жүрмеймін мына ғасырда
дүлей теңіздей тасыған.
Өйткені менің заманым –
кезі емес кеште отырар қамсыз қызықтап кештің
самалын
сүйікті жанға жақындай алмай,
жаутаңдап тігер жанарын.
Жұмыр жер үстін жұмақтай көріп басатындардың
кезі емес
ойланбай əрбір қадамын.
Бұл ғасыр деген – дəуірі болған о бастан
соғысты кешкен сəбидей ерте жетілген ой мен сананың,
тобырлар менен дараның;
қайсарлық көрсе жаси қалатын бұйығы бейшаралар мен
ұлағатты ойлы дананың.
Күлкімен қатар көз жасын көрсең, оған да
таңданбай, танбай қарағын!..
өйткені бұл кез – ғасыры
күңкілге толы қала мен тағы
келбеті өзгерген даланың,
39
башпайға түскен ұзындықтар мен сандардан асқан
қысқаның,
жас ұзарту мен емі таптырмас жараның,
адалдық пенен айнала беріп сатудың
жəне де ащы шындық пен желім жаланың.
Бұл – кезі құздан құлдырау менен шырқаудың,
аңқау боп қалған ақ бастылар мен ақылгөй туған
баланың;
амалы біткен əлсіздер менен өктемнің,
алдамшы ақ пенен қасиетті түндей қараның.
Лапылдап өрттей сүйгізетін не өлердей
жек көргізетін де құдіретің сенің, заманым!
Біздің даланың жігіттеріндей айбатты,
тəуекелің мен мəрттігің үшін қаладым