05.05.2022
147
Өсиет
Жақсыларда бір Ана –
ол – Ел деген ғұлама.
Перзентінің бірі – бас,
бірі – еліне бұғана.
«Өзі болған жігіттің
түп атасын сұрама»,
сындырам деп сынама.
Көргенді елдің ұлдары
бірі – бауыр, бірі – аға,
таласпайды мұраға.
«Елім» деген ерлерді
жықпа жардан жыраға!
Алмастырма байқаусыз
мейріміңді күнəға!