05.05.2022
130
![](/uploads/shorttexts/author_image/photo5208474477736868270vapvap.jpg)
Нарын
Таңдары құм Нарынның алтындаған,
күмістей құмдары бар жарқылдаған.
Кешегі ерлер жортқан құба жонда
асқақ күй, аспандаған əн тыңдағам.
Қайырмасы:
Елдікке баулыған
кеңдікке баулыған
құндағым –
ақ шағыл құмдарың.
Қайран ел,
сайран жер –
киелі құм Нарын!
Естідім құмдарыңнан дала мұңын,
тербеткен тал бесікті ана жырын.
Өзіңе қарап білем ел-жұртымның
тағдырын, тақсіретін, даналығын.
Қайырмасы.