05.05.2022
  426


Автор: Фариза Оңғарсынова

Қыз-ғұмыр

Шəмшаға
Ажары жарық нұрдан жаратылған,
жарқылдап жақсылыққа ара тұрған.
Маңдайда жұлдызындай, құндызындай
қыздары-ай қазағымның дара туған!
Қайырмасы:
Қыз-ғұмыр шынарым-ай,
халқымның шырағындай,
көзіңнен Күн арылмай,
алдымда жүрші жайнап,
пəктіктің тұмарындай,
шынарым-ай!
Қыз-ғұмыр шырағым-ай.
Əз əке ұлға теңеп үміттенген,
жеңгелер жастайынан ұлық көрген.
Елді ойлап, жерді ойлаған қыз-ғұмырдың
тең түсер парасаты жігіттермен.
Қайырмасы.
Жаралған жақсылықтан дара шыңдай,
бауырға əпкесі емес – ағасындай.
Қамқор боп бар қазаққа жаны шығып,
жүреді панасындай, данасындай.
Қайырмасы.





Пікір жазу