05.05.2022
  173


Автор: Фариза Оңғарсынова

Қаракөз Айым

Армандай ақ сезімнен жаралдың ба,
аққудай айдындағы тарандың да,
боранды Жаңатасты жадыратып,
жарқ еттің Шолпанымдай таң алдында!
Қайырмасы:
Қаракөз – арман ақ Айым,
сүйсініп саған қарайын,
мақтан ғып жүрсін өзіңді
алыс пен жақын ағайын,
ұлы бар барлық қазаққа
үлгі болғайсың, жан Айым,
Қаракөзжан айналайын!
Əрдайым ұяласын жаныңа ақ күн,
жұртыңды мінезіңмен жадыратқын.
Бағы бол, шаттығы бол, Қаракөзім,
осынау қасиетті шаңырақтың!
Қайырмасы:
Қаракөз – арман ақ Айым,
сүйсініп саған қарайын,
мақтан ғып жүрсін өзіңді
алыс пен жақын ағайын,
ұлы бар барлық қазаққа
үлгі болғайсың, жан Айым,
Қаракөзжан айналайын!





Пікір жазу