05.05.2022
176
![](/uploads/shorttexts/author_image/photo5208474477736868270vapvap.jpg)
Бақыт туралы ән
Жанарлармен тіл қатып,
жүректерді жырлатып,
сезім деген айдынға
мың бұлқынып, мың батып –
кездесу де бір бақыт!
Тамған жасты нұр-жақұт
еріндермен құрғатып,
лəззат пен аңсауға
ой-санаңды ұрлатып –
қоштасу да бір бақыт!
Елікпей еш жырға түк,
кірпік ілмей түн қатып,
іңкəрліктен үздігіп,
аңсаған да бір бақыт!
Қонса еді тек бұл бақыт!...