05.05.2022
  176


Автор: Фариза Оңғарсынова

Көктем-сезім

Сағыныш көктемінің
жаныңнан өткені – мұң.
Сезімдер мұздақтанып,
жүрегің сыздап, талып...
Əйтеуір, баяғыдай


жаныңда жоқ керім үн.


Жұлдыздар нұрдай жанып,
кететін Күнге айналып.
Ал бүгін жарқылдамай,
қарайды салқын қалай?
Біздің де жанымыздың


жылуы мұздай неғып? 
Бір кездер өліп-өшкен
сезімді көңіл өскен
еске алсаң, салқын ғана,
сенбейсің жарқылға да.
Сезімдер – ғұмыр мəні,


көктемдей құбылмалы. 





Пікір жазу