05.05.2022
248
Тағзым
Домалақ ана туралы əн
Ұлына нұр дарытқан,
қызына жыр дарытқан
ұлы Ананың шуақты шапағаты.
Талпындырған кеңдікке,
талпындырған елдікке
анамыздың киелі махаббаты.
Қайырмасы:
Ана – ғұмыр, Ана – Күн.
Дана қызы Даланың –
ұрпағына адамдықтың нəрін құйған киелім, 2 рет аруағыңа тəу етіп, бас иемін! }
Тамшысындай қаныңның,
діріліндей жаныңның
дидарыңның ізі бар келбетімде.
Дəстүріңді ғұмырлы,
қылығыңды, жырыңды
жалғастырып келемін Жер бетінде.
Қайырмасы.
Шаттанғаным, күлгенім –
өзің жебеп жүргенің,
куəсіндей жүрегімнен туған əн.
Сөндірмеймін шамыңды,
шырқатамын əніңді,
тамырымда қаның барда тулаған.
Қайырмасы.