05.05.2022
  121


Автор: Фариза Оңғарсынова

Әніңді ме, білмеймін, өзіңді де

Елжіретіп жанымды дірілдеген
сенің əнің сақталды жүрегімде.
Алыстасың, амал не, бүгін менен –
сағынсам да, қайтейін, жүремін де...
Əн аңсамай жүретін, пəлі, мен бе –
естіп жүрмін талайын сен кеткелі:
əншіден бе болмаса əнінен бе –
жүрегімді бірі де тербетпеді.
Сабырлылық күшті ғой деп жүр едім,
жеңеді екен сағыныш төзімді де.
Аңсағандай, əйтеуір, жан-жүрегім
əніңді ме, білмеймін, өзіңді ме...





Пікір жазу