05.05.2022
  358


Автор: Фариза Оңғарсынова

Ұл балаға бата

Жүсіптің дидарын берсін,
Мұхамбеттің иманын берсін,
жаныңа даланың кеңдігін берсін,
Əзірет Əлидің ерлігін берсін,
Абылайдың байрағын берсін,
Бауыржан батырдың айбарын берсін!
Еліңе ырыс-құт орнасын,
жеріңе тыныштық орнасын!
Өсек-аяңның құрбаны болмасын,
озбырлардың шұлғауы болмасын!
Алыс жолдарда,
қалың орманда,
тайғанақ құздарда,
шатқалда, мұздарда
көлденең келер қазадан,
жазықсыз төнген жазадан
əулие-əмбиелер қорғасын,
ата-баба, аруақтар қолдасын!
Əумин!





Пікір жазу