Жар-жар
Жігіттер:
Гүл-еріндер бақыт боп,
қона берсін, жар-жар.
Күнде осындай той-думан
бола берсін, жар-жар.
Кел, ағайын, қосылып
əн салайық, жар-жар.
Жұбайларды қөңілді
қарсы алайық, жар-жар.
Қыздар:
Бір бұлақтан нəр алған,
күннен еміп, жар-жар,
Бір бақшаның таранған
гүлдері едік, жар-жар.
Жігіттер:
Бір бұлақтан нəр алған
гүл едіңдер, жар-жар.
Жігіт үшін жаралған
гүл-еріндер, жар-жар!
Қыздар:
Жігіт деген «құрғырың»
бұзық-ақ-ты, жар-жар.
Бақшамыздың бір гүлін
үзіп апты, жар-жар.
Жігіттер:
Құлыншақты жасқама –
тай болады, жар-жар.
Жалғыз гүлің бақшаға
айналады, жар-жар.
Қыздар:
Жігіт деген бұзығың
шалыс басқан, жар-жар.
Қызды ауылдың қызығын
алып қашқан, жар-жар.
Жігіттер:
Шеттеріңнен гүл-ерін,
нұрдайсыңдар, жар-жар.
Сендер жігіт жүрегін
ұрлайсыңдар, жар-жар.
Бəрі қосылып:
Жас отаудан қашанда
əн таймасын, жар-жар.
Жас көңілдер мəңгілік
қартаймасын, жар-жар.
Күйеу жігіт ешқашан
шал болмасын, жар-жар.
Жас келіннің жүзіне
шаң қонбасын, жар-жар.