05.05.2022
  136


Автор: Фариза Оңғарсынова

Ән құдіреті

Жаның бір күміс үнге тамсанғанда,
балбырап бөленесің қанша арманға!
Бар дүние бұлбұл болып сайрайтындай
Нұрғали əн салғанда!
Нұрғали əн салғанда:
жұрт райлы,
көздерден күн-мейірім жылтырайды,
ананың ақ құшағын сезіндіріп,
даланың жусан иісі бұрқырайды.
Сезінбей уақыттың түс, екіндісін,
жаныңа түк еместей не түрлі сын.
Нұрғали əн салғанда, көңілің өсіп,
ешқашан қартаймайтын секілдісің.
Əр жасы құтты болғай ғажап ұлдың,
думаны тарқамасын базарымның,
əнің де, сəнің осы жас күйіңде
жасай бер, Нұрғалиы қазағымның!





Пікір жазу