05.05.2022
  131


Автор: Фариза Оңғарсынова

Бөрілі

«Бөрілі», шыңнан биік өрім едің,
өзіңмен өлшенеді өң-іреңім.
Баталы босағаңнан бастап еді
əлемдік кеңістерге жолын елім.
Санаға сəуле сыйлап, көгіме – Күн,
тақсырлар тайсалатын төрім едің.
Кезсем де қойнауыңды көре алмадым –
«Бөрілі», қайда кеткен бөрілерің?
Көрсем деп көк бөріні кезіп келем,
ойларым ойнақтайды озып менен.
Дүниеде кісі-бөрі көбейгесін
бөрілер кетті ме əлде безіп сенен?
Түңілме: Тарих-төре талдаушы бар,
түбінде əділдікті ардан сұрар.
Бөрінің бөрілігін көрсететін
қойныңда бір бөлтірік қалған шығар!





Пікір жазу