Сапфомен сырласу
– Жүрегімнің берердей қанын сығып,
аялаған жандарым жаным шығып
мені өзгеден көбірек жаралайды,
жүрегіме жамайды жаңа қайғы.
Сапфо
Тағдырым əлсіздігімді сынайды əр күн,
мен талай толқындарда шыр айналдым.
Ал саған қызығамын Отандасы,
жылдасы болғаныңа құдайлардың.
Өнер – шың,
шығу – əйел адамға сын,
шыдамай сындарына тамар жасым.
Ал сені бірі жасқап, жараласа,
емдеген шығар басқа замандасың.
Өмірдің жолында ығай-сығай шыңдар,
жетеді өнерсіз-ақ былай сындар.
Жырыңмен егіліпсің,
бейне сенің
шешкендей тағдырыңды құдайсыздар.
Тағдыр бір – төбетсің бе, құмайсың ба –
болған соң
қалар денең лай, сызда.
Білмейсің кімдер тірек болатынын,
тайғанап құз-шатқалдан құлайсың да!
Біреудің сыздады деп тоңда жаны,
жүгірдің жаның шығып, қорғап əрі.
Бір шындық – түбі өзіңмен сол жауласып,
жүйкеңді түбі кəміл сол жонары.
Қалған ба құдайлардан бұл заңдылық,
əйтеуір, жетті бізге жылдарды үгіп.
Адамдар адалды да, қимасты да
жүреді мүддесіне құрбан қылып.
Құдайлар дəуірінде біз көрмеген
жоқ деуші ем өнерліге құз көлденең.
Көруші ем болмағандай ол кезде адам
жаныңды қалшылдатар мұз демменен.
Пірі өзің өнер қуған бүкіл қыздың,
сен нүкте, қалғанымыз үтірміз мың.
Бірақта налып өттің бұл ғұмырдан.
Ауа деп жұтқанымыз – түтін біздің!
Күзетіп сыпсың толы түнді үрейлі,
жүрегім жанды басқан мұңды ірейді.
Қадірлім өз алдына, жаттар
мені
білмей-ақ ту сыртымнан тілгілейді.
Нəр берген жырларыма, жан, жарыма,
кездескен қимастармен таңда мына
сүйемін барлық жақсы, жаманымен,
əйтеуір, жыламаймын тағдырыма!
Көп əлі жер бетінде лай, сыздар...
Мендегі тірлікке Сіз шыдайсыз ба, ал –
өмір сол баяғыдай,
бірақ менің
шешуде тағдырымды құдайсыздар.