05.05.2022
  144


Автор: Фариза Оңғарсынова

Әкімдер

Бабамыз атанғанмен қыр арланы,
миына көп қонбаған құран жағы.
Бас ұстап, билік айтып төрде отыру –
ежелден қазағымның бір арманы.
Тоя жеп жал-жаясын соғымының,
ауылын сұлу қыздың торып ұрын
құс салған ел ұрпағы ем, содан əлі
саясат, айла жайлы жоқ ұғымым.
Билікке бедел салмас құлықты адам,
өзім де биліктіден суып барам.
Қашан да елді ойлаған естілерді
əкімдер маңайына жуытпаған.
Шындықты тура айтқанның жолы – жылым,
сарайлар естуге жоқ оның үнін.
Патшаның кім екенін халық білер
сиқынан жанындағы тобырының.
Жылқысы аз, бүгін жұрттың жоқ соғымы,
дəмесі – билік-байдың көк қорығы.
Əкімдер қауіпті емес, қауіптісі –
жағымпаз жанындағы көп тобыр





Пікір жазу