05.05.2022
141

Жолдан таю
Кездейсоқ болған хандардан,
қарадан, жампоз жандардан,
желмаядай жортқан жалғаннан
əділдік іздеп шаршадым,
басылмай қойды аңсарым.
Қабырғаларды қарманып,
сызатты сəуле деп алданып,
сүрініп, сарсаң сандалып,
үмітімнен білтелі шам жағып,
дарияға кетті сан салым,
сөнуге таяу жан шамым.
Сөзіме, жалған, құлақ түр:
əділдік деген – сынап бір,
сырғытсаң, солай құлап түр.
Өзімшілдікке шұнақ құл,
қара басына келгенде,
əділдігі тайғақ баршаның.
Ақиқат үшін күресіп
жалғанмен, адам-шерменде,
жүргенмен табан тіресіп
өз жайың, қамың, мансабың
əділетке жолды берген бе?