05.05.2022
  140


Автор: Фариза Оңғарсынова

Бір құдірет бар дейді

Бір құдірет бар дейді асқан дана,
қайда онысы Жерде ме, аспанда ма?
Құрығы ұзын деседі сол біреудің
дөп тиетін бұққанға, қашқанға да.
Қайда өзінің мекені? Ұлы ма анық?
Жарылқағыш адам ба нұры жарық?
Тірі жанға көрінбей отыр ма əлі
жалғыз өзі аспанға шығып алып?
Қүнге қызып жатыр ма, қарап Айға,
əлде бір кез жерді де аралай ма?!
Бəрі білгіш адамның, жоқ па сонда
ол мықтыны көретін амал-айла?!
Көргіш оның, шамасы, жанары бек,
жазалайды жандарды қара жүрек.
Қалтырайды біреулер дірдек қағып
жердегінің қимылын бағады деп.
Ал, Жерде де мықты көп толып-тасқан,
е дегенде езуден көбік шашқан.
Ойға алғанын жасайды олар бірақ,
биіктегі көрер деп қорықпастан,
Қалай сонда көрмейді тақсыр-айбын
(миым жетпей осыған асты қайғым),
іс-қимылы жердегі көп мықтының
нұсқауы ма əлде анау бас «құдайдың»?
90
ІІ
Күштіні айтып күлгенмен,
солқылдайды шекем көп:
пиғылымды бір жерден
оқып қоймас па екен деп.
Бір жылаймын, бір күлем
сақтағай деп жасаған.
Қайтер едім дүрбімен
көріп тұрса тасадан?
Кекесінге кім шыдар,
түртеді осы ой ішімді.
Жіпке тізіп жүр шығар
менің қимыл-ісімді.
Періштесіп жүргенмен,
былығым да жетерлік.
Мінезім де түрленген,
болмашыға кетем күрт.
Мазақтаймын есіре
мінез-құлқын ортаның.
Сөйте тұра есіме
Ол түскенде қорқамын.
Оның өзін сынға алам,
кеткендей-ақ есем көп.
Отырса əлі шыңда аман,
ақ, қарамды кешер деп.
91
ІІІ
Берілгішпіз зар-мұңға,
«Өмір – тартысты алаң», – деп.
Өкпелейміз тағдырға
барып тұрған сараң деп.
Біреулер жүр таба алмай
жақсы əйелді гүл көрік –
елсіз, күнсіз аралдай
жалғыздыққа жүр көніп.
Жеткізбей жүр біреуге
машиналы жақсы орын.
Біреу кең үй тілеуде –
арманы жоқ басқа оның.
Біреу зəру көмірге,
ақша қажет маған мың...
Таусыла ма өмірде
кем-кетігі адамның.
Сұраймыз біз бас ұрып
соның бəрін «Құдайдан».
Мүмкін ол да ашығып,
ішіп отыр құр айран?
Кіргізе алмай үйіне
бір шүйке бас нұры алау,
сол мықтының күйі де
керім емес шығар-ау.
92
ІV
Төсекте жатам толғанып,
елестеп өткен-кеткенім.
Соңымда талай жол қалып,
тозайын депті шекпенім.
Өтіпті менің күнім көп
іздеумен жанды əні үлгі,
естіртіп, кейде күбірлеп
сақтағай деумен жанымды.
Шығыппын талай қыр, шыңға
білмеймін күшті кім құйған;
апарған сол бір тылсым ба,
сирағым ба əлде шидиған?!
Адасып түндей тұманда,
денені, жанды талдырдым.
Бəрі де менің күнəм ба,
ісі ме əлде тағдырдың?
Азабы молдау іс қылдым,
ойласам, өнер де асылық.
Алдында не бір күштінің
жығыла алмадым бас ұрып.
Жақсы ісім жанның бағы да,
еншіме тиген мұра-ды.
Жағымсыз қылықтарыма
тағдырым ғана кінəлі!
93
V
Шынында, осы ғаламда
керемет біреу бар, рас:
ұқсайды өзі адамға –
сақалы ұзын, жаны жас.
Дем алып жүрек, өкпемен,
шаршайды ол да қалжырап.
Түрі де түсі жоқ деген –
əншейін мылжың, сандырақ!
Қыдырса кейде, не жүрсе,
шығады жалғыз жолға кеш.
Машинасы оның, меніңше,
«Линкольн» де емес, «Волга» емес.
Бейшара жеке дара тым,
кеудесі содан өрт кілең.
Басқаның басын шағатын
жерлестері де жоқ білем.
Келсе егер байтақ жеріне,
қысымы түсіп көбірек
кетеді қайта: «Мені де
өлтірер адам, тегі», – деп.
94

Өнер қуып, түн мүжіп,
ұйықтай кетсем, түс көрем:
мықтылармен бір жүріп,
кейде бірге түстенем.
Кешем ғажап таңды да,
есіп алдан нұр леп.
Сол «мықтының» алдына
кіргенім бар бір рет.
Пенде ме, əлде жан ба ұлы,
жолдас керек оған да:
сахабалардың барлығы
сабылып жүр со маңда!
Жұрт табынып сөзіне,
етіп жүрген əлі үлгі
Мұхамбеттің өзі де
ақын екен кəдімгі!
Құрмет екен көргені,
кедергі жоқ жолында.
Атағы не ордені
болмай шықты оның да.
Сəбилер жүр
өңдерін
күн қыздырып, бұлт өбіп.
Көзімді ашсам: бөлменің
тас төбесі тұр төніп.
95
VІІ
Сөз етіп аспан, Айды,
күнəға баттым білем,
аздай-ақ басқа қайғы,
ұмыттым шат күнді мен.
Тіркестер тырағайлап,
ойларым орнықпады.
Сөздерді тұман айдап
кеткендей. Қорлық-тағы!
Өнермен бірге тұрып,
бір жатып жұбанып ем.
Жарысқам түнде тұрып
жыр-шыңның бұлағымен.
Мең-зең боп жүрмін бүгін,
аурудан айыққандай.
Дыбыс жоқ – қылғынды үнім,
менде бір айып бардай.
Өнер деп бүлінемін,
тып-тыныш қалғып жатпай,
онсыз да қыңыр едім,
тағы да қалдым жақпай.
«Күштінің» – азап маған
кəріне ілінгенім.
Мысықты мазақтаған
тышқандай күнім менің!
96
VІІІ
Көрмей-ақ жамандығын,
біреуді жамандадым.
Ол жайлы залалды ұғым
қаладым таралғанын.
Кім жатыр тергеп-біліп
пікірдің ақ, қарасын:
жаманда жерлеп тұрып,
сазға мал шақша басын.
Данышпан, данасын да
аяма, жақ күйені!
Шыға алмай дара шыңға,
қаусасын жақ сүйегі!
Құласын, жаза кешсін,
орасын шалқыма шаң;
жол бермес саған ешкім,
тек өзің аршымасаң.
Жандардың жаны сырлы
талабын тасқа ұрамын.
Қолда деп бар ісімді
тағдырға тапсырамын!
97
ІХ
Жасағанға сыйынып,
шырылдаумен шаршадым.
Бас изедім бұйығып
айқайына баршаның.
Ойлауменен дос қамын
өз жайымды ұмыттым;
бəрін құптап, қоштадым
жаман, жақсы ғұрыптың.
«Аққа бəрі жақ» десіп,
өстік жанды даттамай,
шындық үшің қақ кешіп,
ала жіпті аттамай.
Туатындай жұмақ-күн,
қоя салып баламды,
жанұшырып жұбаттым
жылап жатқан адамды.
Періштедей жаны үлгі,
қызықпай мал, ақшаға,
ашықсам да, нанымды
бөліп бердім басқаға.
Дəмін татып зар-мұңның,
келем əлі оңбай мен,
күн өткізіп «тағдырдың
көзі түзу» болғаймен.
98
Х
Əзіл басқа, шынында «құдай» қайда
ұстатпайтын ол сағым-мұнардай ма?
Несі кетер көрініп жүрсе көзге,
не жыны бар тығылып тұман-жайға!
Қайтеді екен жарқырап тұрса күліп,
неге керек қашқақтап, мұнша бұғып!
Қайда екенін біле алмай сол «мықтының»,
қанша ғасыр адамдар жүр сабылып.
Адамзат та қызық-ау, жоққа налып,
іздеу салып, жүрегін шоққа малып,
біреу бар деп Жасаған, біреу жоқ деп,
бірін-бірі жүріпті отқа жағып.
Көрінбейді ол – айқайла, жыла, жүде!
Жаратушы бар болса, тұрағы не?
Бір мықтының, əйтеуір, бары рас деп,
кейбіреулер күбірлеп жүр əлі де.
Бұл ұғымда белгісіз бар ма сырлар?
Өтті жерде жұмбақты сан ғасырлар.
Қорықпастар жүргенде шалқып-тасып,
неге жаза тартады тəубашылдар?
Аспанға ұшпа іздеу сап, жерге сіңбе,
елеңдеме құлаққа келмес үнге:
ол құдірет өзіңмен бірге мəңгі,
əр пенденің əлемдей кеудесінде!
1984 жыл
99
* * *
Таққа мінбей тұрғанда бəрі ақылды,
бəрі жақын, жанашыр, дара құрбы,
шаршы топта сөз айтар шешен, əрі
шыншыл, əділ қақ жарар қара қылды.
Таққа жетті – жайыппыз текке кілем,
кілем сынды қимылсыз беттегі ірең.
Баяғы əннің бірі жоқ «ел», «жер» деген,
аузын буған өгіздей шеттерінен.
Тақ дегеннің сиқыр ма сұсты демі,
қатерлі ме болмаса мыс күрегі.
Соған қарап есінеп айналасы,
түшкірсе де таққа ұқсап түшкіреді.
Тақ пəтшағар!
Ісің болмай біз аштан жығылсақ та,
шаш еліңнің байлығын – тұғыр сақта!
Мансапқұмар тобырың қалсын сезбей,
айналғанын кіл жанды қуыршаққа.





Пікір жазу