05.05.2022
143
Саясат
Саясат та – бір сайқал,
сыйқырлайды жас ұлды,
«Бір іліксең, – жұрт айтар, –
ала-алмайсың басыңды».
Тиіп кетсе бүйірге,
себер жанға бар уын.
Аппақ адал күйіңде
мүмкін емес қалуың.
Зыр жүгіртер, қартайтар,
жаныңды арбар тақ күліп,
қашан сені ол сайқал
тастағанша лақтырып.
Саясаттың соңында,
талай асыл кетті өліп.
Жағынып бір тобырға,
екіншісін жек көріп.
Сезімі көп, сұмдығы аз
ақын ғана жыр өрер.
Ағысы мол, құрлығы аз,
саясат та – бір өнер.