ЖЕР ТАҒДЫРЫ — ЕЛ ТАҒДЫРЫ немесе кейіпкер ортаға салған ойлардан
Бұл да бір сəті түскен сұхбат болды. Мехлис Қасымұлы Сүлейменов өзінің Бүкілодақтық XIX партия конференциясынан алған əсерлерін ортаға салудан бастаған əңгімесін өрбіте отырып, тыңдағы егіншіліктің даму жолы, келешегі туралы, Жер-анаға аялы көзқарас жөнінде сыр шертті. Ол кейіпкердің жан дүниесін, ой- парасатын жақынырақ біле түсуге көмектесетін ашық пікірлесуге айналды.
* * *
– Мəке, əңгімені партиямыздың XIX конференциясынан алған əсеріңізбен бастайық. Одан бері де бірғауым уақыт өткен екен. Бұл, əрине, көзбен көріп, көңілге түйгендерді ой елегінен өткізіп, зерде таразысына салуға жақсы.
М.Сүлейменов: Қоғамдық дамуымызды жеделдетуге ықпалы жөнінен кезеңдік мəні бар саяси оқиға, басқа делегат əріптестерім сияқты, маған да қайта құру мектебіндей əсер етті. Онда біз ел өміріндегі ең келелі мəселелерді кең демократия, пікір алуандығы, творчестволық ізденіс, мүдделілік пен талапшылдық жағдайында шешу қаншалықты тартымды əрі пайдалы екендігіне айқын көз жеткіздік. Конференцияда іс-қимыл еркіндігі, ой-пікір еркіндігі адамдарды қалай қанаттандыратынының куəсі болғандығымыз- дың өзі неге тұрады! Еліміздің ең жоғары мінбесінің қасында газет киоскісінің алдындағыдай қалың кезек тұруы бұрын-соңды болған жағдай ма еді? Əрине, жоқ. Ал конференцияның шарықтау шегіне айналған соңғы күні қарарларды қабылдау кезіндегі пікірталасқа қатысуға тілек білдіргендер легі дəл сондай қалың кезекке айнал- ды. Шынайы мүдделілік, нағыз белсенділік белгісі бұл. Адамның рухани түлеуі деген осы. Мұндай мүдделілік, белсенділік пен ру- хани түлеу өмірімізге неғұрлым тереңірек бойлап енсе, қайта құру жолындағы жетістіктеріміз де солғұрлым ауқымдырақ болар еді. Бұл ғылымға да қатысты.
– Конференция жұмысынын жаңаша сипаты онда қабылданған шешімдерге де тікелей ықпал еткені белгілі. Олар да ғылымға қа- тысты ғой.
М.Сүлейменов: Əлбетте. Конференцияда жеті қарар қабыл- данды. Солардың қай-қайсысы да менің ғалым əріптестерім үшін, біздің ғылыми-зерттеу институты айналысып отырған іс тағдыры үшін айрықша маңызды. Мысалы, елімізде саяси рефор- ма жасауды қолға алу жөніндегі шешімді алайықшы. Ол партия ұйымдары мен органдарының қайта құру жағдайындағы рөлін көтеріп, жұмыс стилін жетілдіруге бағытталған. Қоғам өмірінің басқа да салалары сияқты ғылымның өркендеп, дамуына да байыпты партиялық басшылық ерекше ықпал жасайды. Оның əкімшілік, белден басып билік жүргізу арқылы басқаруға айна- лып кетуі ғылым үшін де қаншалықты зиян екендігін күні кешегі тоқырау кезеңі деп атап жүрген жылдары айқын сезіндік емес пе? Несін жасырамыз, біз институтқа басшы партия қызметкерлері келіп кеткеннен кейін немесе олардың алдына өзіміз барып шыққан соң оларды ғалымдарымыздың астық шаруашылығын өркендетудің перспективасын айқындайтын іргелі зерттеулер- ден гөрі тəжірибе шаруашылығында қол жеткен жылма-жылғы өндірістік көрсеткіштеріміз көбірек қызықтыратынын байқап, қайран қалатынбыз. Бізден он жылдан соң не сеуіп, не орамыз деп сұрамайтын. Көбіне биылғы болжам қандай, миллиард бола ма, жоқ па деген сауалға жауап беруге тура келетін. Мұның өзі қалайда бүгін көп өнім алу жолдарын іздестіруге, бүгін барын берген жерден ертең не аламыз дегенге көз жұма қарауға апарып соққаны белгілі. Осы кезге дейін тыңда бірнеше ондаған жылдар бойы өнімділігі жөнінен алдына қара салмай келе жатқан «Саратов- 29»-дың орнын басатын бидай тұқымы табылмай отырғаны да сол ғылымға деген солақай көзқарастың салдары дер едім.
Тағы бір мысал. Конференцияда «Бюрократтыққа қарсы күрес туралы» қарар қабылданды. Ал осы төрешілдік ғылымға да зала- лын көп тигізіп келе жатқан кесел. Сыртқысын былай қойғанда, ішкі өз төрешілдеріміздің батыл творчестволық ізденістерге, ғылыми ақиқатқа жету үшін пікір алуандығына жол ашуға бөгесін болып, кертартпалық көрсетуінің мысалы қаншама!
Ғылымдағы төрешілдік те əртүрлі. Соның бірі – атақ-абыройы асқан белгілі ғалымдардың аузынан шыққан сөздің бəріне бас шұлғып, олардың шашбауын көтеруді салтқа айналдыру. Бара-бара ол нағыз беделге табынушылыққа ұласып, жақсы ғылыми идея- ны бір қай кезде де, қай жағдайда да өзгермейтін догмаға айнал- дырып жібереді. Оның салқыны бедел иесіне де тиеді. Ешқашан қателеспейтін адам болып шыға келеді. Басқалар пікір айт- са, тек оны қолдауы керек, əйтпесе оның сөзінің құны көк тиын. Егер басқашалау көзқарасын дəлелдемек болып, табандылық та- нытса, оны арналы бағыттан ауытқыған басбұзар ретінде бедел- ден айырып, шама келсе маңайдан аластау керек. Бұл үшін пікір дəлелдеудің қажеті жоқ, мансап билігі, абырой-атақ салмағы жетіп жатыр. Төрешілдіктің бұл түрі белгілі лысенковшылдықтың жаңғырығы деп ойлаймын...
– Сөзіңізді бөлгеніме кешірім сұраймын. Жаңа өзіңіз ауызға алған сорақы құбылыстың айыпкері Т.Д.Лысенконың тыңдағы егіншілікті дамытуға тікелей кері ықпал жасайтын идеялар ұсынғаны белгілі. Осы орайда оның А.Бараевпен арасындағы иде- ялар қақтығысы туралы айта кетсеңіз.
М.Сүлейменов: Т.Д.Лысенконың «Тұқымды ерте сепкенде де жақсы өнім алуға, сөйтіп колхоздар мен совхоздардың егін жина- уды ерте бастауына мүмкіндік беруге болады... Батыс Сібір мен Солтүстік Қазақстан аудандарында жаздық бидай ерте піскенде жақсы өнім алу үшін күрес – бұл сібірлік жəне солтүстік- қазақстандық егіншіліктің прогресі үшін күрес» деген пікірі бар. Мұнда астық себуді апрельдің басы – майдың аяғында бастау жөнінде сөз болып отыр. Академик А.И.Бараев бұған үзілді-кесілді қарсы болды. Бірақ сіз айтып отырғандай, идеялар қақтығысы болған жоқ. Т.Д.Лысенконың пікірі қарсылықсыз қабылдауға тиісті нұсқау болып шықты. Ал оны іс жүзінде мүлтіксіз орындау жердің азуына, егістіктерді арамшөптің басып кетуіне жəне бидайдың тың төсінде əдетте июль айында болатын жауын-шашынға жетпей қурап кетуіне апарып соқты.
– Əңгіме ғылымдағы бедел иесінің орны, оның идеясы- на көзқарас төңірегінде өрбіп жатыр ғой. Осыған орай мына бір нəрсенің басын аша кетіңізші. Сіз институт директоры болып бекітілгеннен бері тыңдағы егіншілікті дамыту жолдары тура- лы бірқатар жаңа ғылыми идеялар ұсындыңыз. Олар жөніндегі
«Сельская жизнь» газетінің тілшісіне берген интервьюіңізде жəне сол газеттің 13 май күнгі номерінде жарияланған «Тағы да астық туралы ақиқат жайында» деген мақалаңызда кең айтылған. Ал сол идеяларыңыз жөнінде əртүрлі пікірлер бар екені белгілі. Қолдамайтындар ең алдымен сіздің ұсыныстарыңыздың академик А.Бараевтың ойларымен қабысып жатпағандығын тілге тиек етеді. М.Сүлейменов: Алдымен, əлі іс жүзінде, практикалық нəтиже- лермен дəлелденбеген ғылыми идея туралы алуан пікірлер біл- дірілуі əбден заңды. Қайта, керісінше болса ұсынылған идеяның сонылылығына күмəн келтірген жөн болар еді. Нильс Бордың ай- туынша, ғылымдағы жаңа идея алғашында қашанда қабылдауға
қиын, тіпті ақылға қонымсыз болып шығатын көрінеді ғой.
Бірақ бұл жерде мəселе басқада болып отыр. Ұсынылған идеяға қарсылық білдірушілер арасында нақты ғылыми дəйектемелерге жүгінудің орнына академик А.Бараевтық қалыптастырған егіншілік жүйесінің тамырына балта тигелі жатыр деген байбаламшылыққа салынушылар көбірек сияқты. Оның үстіне осы бағыттағы əңгімені қыздырмалау үшін əдейі қоңырау қағып, жаңа идеяны жөргегінде тұншықтыруға, сөйтіп оның авторының беделін айран- дай төгуге ұмтылған арызшылар өз арамыздан да шығып жатыр. Осыдан біраз бұрын сондай хат бойынша ВАСХНИЛ-дің арнайы комиссиясы келіп, тексеру жүргізіп кетті. Комиссияның жасаған қорытындысы мынандай: жаңа ұсыныстар ғылыми идея ретінде өмір сүруге, нақты ғылыми зерттеулер объектісіне айналуға толық қақылы!
Жаңа ізденістерімізге сенім артып, қолдау көрсетуші ғалым əріптестерімізден келіп жатқан хаттар да баршылық. Оларда жай ғана қол соғып қуану, тілектестігін білдіру емес, нақты ақыл-кеңес беру, ой қосу жағы мол екендігі қуантады. Мыса- лы, Волгоградтан «Қуаңшылыққа қарсы күрес жəне астық» атты агрономия ғылымында айрықша мəні бар еңбектің авторы ауылшаруашылығы ғылымының докторы, профессор К.Г.Шуль- мейстерден апрель айында сондай хат келіп түсті. «Солтүстік Қазақстанның егіншілігінде бір жылдық шөптің өзіндік пайдасы барын академик Н.М.Тулайков отызыншы жылдардың басында айтқан еді, – деп жазады ол. – Егер Сіз қолыңызға түсіп оқымаған болсаңыз, оның «Сібір аудандарында дəнді дақылдардың егістік алқабын ұлғайту жөніңдегі мəселеге орай» деген тақырыптағы мақаласын қалай да оқып шығыңыз. Бұл еңбек тарихи, ғылыми жəне өндірістік тұрғыдан өте назар аударарлық...» Мұндай хаттар жігерге жігер қосады.
Ал «Сельская жизнь» газетіндегі мақалалар РСФСР-дің бір- қатар облысындағы ауыл шаруашылық қызметкерлерінің актив мəжілісінде арнайы сөз болды. Қай-қайсысында да кажеті жоқ, тоқ- татыңдар деген байлам жасалмаған. Қайта, жаңа ұсыныстардың нəтижелі болуына ынта білдірілуі басым. «Дер кезінде жасалып отырған батыл қадам» деген баға берушілер де баршылық.
Жаңа идея алғаш өз коллективімізде де əжептəуір тосын көрін- ді. Қайта-қайта түсіндіруге, дəлелдеуге, пікір таластыруға тура келді. Қазір нақты зерттеу, тəжірибе жұмыстарын жүргізіп жатыр- мыз. Таяуда жаңа бағыттағы ізденістеріміздің жай-жапсарымен, жоспарларымызбен бір топ журналистерді (араларында одақтық газет-журналдардың да өкілдері бар) арнайы шақырып таныстыр- дық. Сырттан тон пішкеннен гөрі көзбен көріп, ауызба-ауыз пікірлескеннен кейін ой тоқтатып, баға беру əділ болады ғой.
– Мəке, жаңа идея төңірегіндегі жайдан əжептəуір хабардар еттіңіз. Бірақ оның өзі туралы əлі ештеңе деген жоқсыз.
М.Сүлейменов: Біз оны қазір шартты түрде парсыз егіншілік жүйесі деп атап жүрміз. Астық өсірудің интенсивті технологиясын жете игерген жағдайда егістік танаптарының белгілі бір бөлігін қазіргідей таза парға қалдырып, босқа таптаудың қажеті жоқ. Қазір қолданылып жүрген қысқа ротациялы, яғни аз танапты астықты- парлы ауыспалы егіс жүйесі жағдайында пардың үлес салмағының көбеюі бірте-бірте топырақтың құнарлылығын азайтуға апарып соғып жүр. Жағдайдан шығудың алғашқы амалы ретінде көп танапты егіс жүйесіне көшу керек. Ойымыздың түйіні осы. Ал оны негізге алу егіншілік жүйесінің барлық буындарына елеулі өзге- рістер енгізуді талап етеді. Олардың дəл қандай болатынын қазір нақты айта қою да қиын. Мұның жауабын белгіленген бағытты нысанаға алып жүргізген жаңа зерттеулер береді.
– Осы кезге дейін таза пар ауыспалы егіс жүйесінің негізгі бу- ыны, ол астық өсірілетін танаптың тынығуы, бойына күш-қуат жиюы үшін қажет жəне арамшөпке қарсы күрестің тиімді əдісі, дəлірек айтқанда парға қалдырылған кезде арамшөпті отап та- стау оңай деп келгеніміз белгілі. Енді пардан бас тартқан жағдайда жерді тынықтырудың жəне арамшөпке қарсы күрес тиімді əдісінің орнын толтыратын қандай жаңа агротехникалық шара ұсына ала- сыздар? Əлде олардың қажеті жоқ деген көзқарас бар ма?
М.Сүлейменов: Алдымен жерді тынықтыру жөнінде. Бұл қажет шара екенінде дау жоқ. Бірақ оны қалай жүзеге асырған тиімді əрі əсерлі болады? Мəселе осында жатыр. Мынандай бір салыстыру жасап көрейікші. Қауырт еңбектен кейін тыныстау, жалпы дема- лу адам организмі үшін де аса қажет нəрсе. Бірақ ештеңемен ай- налыспай, ұдайы диванда шалқайып жатып демалған жақсы ма, əлде белсенді іс-қимыл жасап, басқа еңбек түрімен немесе спорт- пен шұғылданған, ой мен сезімге тың жігер беретін өнерге ден қойған дұрыс па? Біз үшін бұл мəселенің басы ашық. Белсенді демалғанды ұнатамыз. Дəрігерлердің кеңес беруі де солай.
Міне, біздің ұсынып отырғанымыз да осындай «белсенді де- малыс». Ол адам организмі сияқты, топыраққа да жақсы əсер етеді деп есептейміз. Ал танапты «белсенді демалыс» жағдайына көшіру үшін не істеуіміз керек деген сауалға келетін болсақ, жа- уап біреу. Ауыспалы егіс жүйесіндегі таза пардың орнына басқа лайықты дақыл табу керек. Мүмкін шөптің бір түрлері (ауыл шаруашылық ғылымының докторы, профессор К.Г.Шульмейстер жоғарыда келтірген хатында еске салып отырғандай, бұл ретте ака- демик Н.М.Тулайков кезінде нақты пікірлер айтқан) немесе басқа бір дақыл... Бұл – бір.
Екіншіден, пардың қазір арамшөпке қарсы күресте едəуір рөл атқарып отырғаны рас. Бірақ оның да орнын толтыруға болады. Егіншілік мəдениетін шын мəнінде жоғары деңгейге көтергенде, астық өсірудің интенсивті технологиясын толық игерген кезде, əсіресе оның жер өңдеу, гербицид қолдану, тұқым себу мерзімін
дұрыс таңдау жəне басқа маңызды элементтерін қатаң ұстану арқылы танаптарды парсыз-ақ таза ұстауға болатындығын тəжірибе көрсетіп отыр. Арамшөпті отау үшін танапты бір маусым бойы босқа жатқызып қою, оның топырағын кемінде 5–6 рет босқа өңдеу (соның бəрі арамшөпті мүлдем құртуға емес, сəл азайтуға ғана көмектеседі ғой) шынайы шаруақорлық белгісі емес екенін мойындауымыз керек. Ол тыңдағы егіншіліктің дамуының белгілі бір кезеңінде дұрыс шешім болғанымен жəне əжептəуір оң рөл атқарғанымен, қайта қарауға болмайтын əмбебап əдіс емес.
Жылма-жыл қыруар егістік алқапты таза парға қалдыру амал- сыздан қолданылып жүрген шара, ол интенсивті емес, экстенсивті егіншіліктің белгісі екеніне көз жеткізетін кез келді. Шындықтың бетіне тура қарау керек. Арамшөппен күрес проблемаларын таза пар арқылы шешу топырақтың құнарлылығын едəуір кемітетіндігін тəжірибе көрсетіп отыр ғой. Сондықтан да бізде қазір бірінші ке- зекте пардың топырақ құрамын жетілдіруге жəне сол алқаптардан мал шаруашылығы үшін жем-шөп алуға мүмкіндік беретін дақыл себілген əрі сидеральді (тыңайтатын) түрлерін пайдалану мүмкіндіктерін тереңірек зерттеу қолға алынып отыр.
Бұл жерде оқырман назарын мына бір жайға аудару қажет. Пар- сыз егіншілік жүйесі жөнінде сөз ету астық өсірумен айналыса- тын шаруашылықтарда міндетті түрде бүгін-ертеңнен бастап осыған бағыт ұстау керек деген ұйғарым жасауға негіз бола алмай- ды. Əсіресе егіншілік мəдениеті төмен, астық өсірудің интенсивті технологиясы толық игерілмеген жəне игеруге мүмкіндік те аз жерлерде таза парды сақтау тиімдірек. Бұл да біз санасуға тиісті шындық.
- Дегенмен, қалай болғанда да, тыңдағы егіншіліктің келешегін парсыз жүйемен байланыстыруға бағыт ұстау қажет деген жаңа ғылыми идея дүниеге келді ғой. Енді ол өзіне ізденіспен, іспен, күреспен жол салуы керек. Солай емес пе?
М.Сүлейменов: Дұрыс айтасыз. Егер біздің жаңа ұсыныстары- мыз өзіміз күткендей қайтарым беретін болса, тыңда астық өсіру ісі айтарлықтай ұтары сөзсіз. Біріншіден, жер құнарын сақтау про- блемасы шешіледі. Екіншіден, істің экономикалық жағдайы едəуір жақсарады, парды күтіп-баптауға жіберілетін шығын азаяды. Үшіншіден, жерді тиімді пайдалануға оң ықпал жасалады.
- Жерді тиімді пайдалану туралы проблеманы атап кеттіңіз.
Осыған орай тыңдағы шаруашылықтарда егістік көлемінің ау- қымы шектен тыс ұлғайып кетті, есесіне мал жайылымы, табиғи шабындық тым тарылып барады деген алаңдаушылық білдіріле- тініне назарыңызды аударғым келеді. Оларға сіз қандай жауап қайтарар едіңіз?
М.Сүлейменов: Ашығын айту керек, бұл сөздің жаны бар деп есептеймін. Ал қалыптасқан жағдайдың айыпкері – экстенсивті жолмен дамуға иек артқан экономикалық саясат. Біз тың игеру арқылы республиканың егістік жер көлемі 25 миллион гектарға ұлғайтылғанын, сөйтіп астық өндіру 6 есе артқанын мақтан етеміз. Əрине, жылына 24,5 миллион тонна астық дайындауға қол жеткізу, бүкіл елімізде өндірілетін аса бағалы күшті бидайдың 70-75 процентін беру аз жетістік емес.
Бірақ мəселенің екінші жағын қайда қоярсың. Тусыраған далаға түрен салу жер жағдайын да, оны қалай игеру тиімді дегенді де терең ойланбастан тулақты талапайға салуға ұқсап кеткені де шындық қой. Тек 1954 жылы ғана республикада 8531 мың гектар, ал келесі жылы тағы да 9436 мың гектар жер игерілді. Жыл ішінде ірі мемлекеттердің егістігіне тең территорияны жыртып тастау ауқымы мен қарқыны жөнінен таң қалдырарлық-ақ іс. Бірақ соның бəрі астық өсіруге жарамды жер ме еді? Жоқ, əрине. Оның үстіне сол территорияда мал шаруашылығын да өркендету қажет екендігі еске көп алына қойған жоқ.
Басқарудың əкімшілік-əміршілдік əдісі өз дегенін істеп жатты. Нұсқау орындалуға тиіс. Ф.Т.Моргун өзінің «Астық жəне адамдар» деген кітабында Көкшетау облысындағы «Толбухин» совхозында директор болған кезінде 1955 жылы шаруашылықта жыртуға жер қалмаса да қосымша 10 мың гектар тың игеру жөнінде жоғарыдан нұсқау алып, оны қалай да орындау үшін келісім жасап, көрші шаруашылықтың жеріне қол салғанын жазады ғой. Ал дəл осын- дай жағдайда басқа жүздеген директорлар жоспар орындау үшін сортаң жəне топырағы жеңіл жерлерді де дал-далын шығарып жыртқызып тастаудан тайынған жоқ. Өйткені, қалай да бүгін мол астық алу керек деген ұран бəрін де ақтайтын еді. Обком хатшы- сы да, совхоз директоры да, тракторшы да соны басшылыққа алды. Ілуде біреуін болмаса, көпшілігін жер тағдыры онша алаңдата қойған жоқ. Одан не шыққаны белгілі. Егістіктің əрбір үшінші гектары – сортаң жер, ал Павлодар, Ақтөбе жəне басқа бірқатар облыстардың жеңіл топырақты жерлерінде бірден шаң борап, құнарлы қабат желге ұшты.
Республиканың солтүстігінде жерді жөн-жосықсыз жыр- та беру салдарынан астық өсіруге мүлдем жарамсыз едəуір жер егістік санатына қосылып кетті, түбегейлі өңдеуді қажет ететін жайылымдық жерлерді астық өсіруге пайдалану ауқымы одан да асып түсті. Қазір тың өңірінде 2 миллион гектар жарамсыз жер- де астық өсіріліп отыр. Осынша жерге материалдық-техникалық жəне адам ресурстары босқа шығын болуда. Мұндай егістік ал- қаптары республиканың басқа облыстарында да бар. Бұл аз де- гендей тоқырау жылдары сортаң жерлерді игеру, жайылымдарды түбегейлі өндеу, ауыспалы егіс жүйесіндегі пардың үлес салмағын пəленбай процентке жеткізу, белгілі бір дақылдар егістігінің кө- лемін ұлғайту жөніндегі нұсқауларды орындау тағы да жерге шабуылдың бір түріне айналды.
Осының бəрі адамдардың алаңдаушылығын туғызуы заңды нəрсе. Егіншілікті дамытуда да əрбір жүзеге асырылатын ірі шараның болашақ экономикалық жəне экологиялық əсерін алдын- ала болжап, біліп отыру өте қажет.
Егіншілікке экологиялық көзқарастың маңыздылығы қазір тіпті артып отыр. Экологиялық болжам жасаған кезде белгілі бір жер көлеміндегі тікелей əсерін бағалап қана қоймай, оны бүкіл шаруашылық жүргізу жүйесімен байланысты қарау керек. Мысалы жүздеген гектар тың жерді жыртудың, былайша алғанда, зардабы болмауы да мүмкін. Бірақ ол түрен тіліп тастаған жерде табиғаттың шыдамы таусылып, экологиялық апатқа соғуына себепкер соңғы тамшы болуы да ғажап емес. Немесе, бір шаруашылықта бірер учаскені жыртып тастаудың соншалықты зардабы да бола қоймас, бірақ оны көршілердікіне қосып есептесеңіз, жер тағдыры үшін алаңдауға əбден негіз бар.
Сондықтан да қандай тың жерді болсын жырту тек арнайы жоба бойынша жүргізілуі керек, ал жерге орналастырушы органдардың правосы мен жауапкершілігін арттырған жөн. Тың жерлерге жөнсіз түрен салуды жергілікті өкімет орындарының көмегімен тоқтату керек. Жайылымдарды астық өсіретін алқаптарға айнал- дыру желеуімен жер өңдеу жұмыстарына да жол беруге болмайды. Қазір көптеген совхоздарда қоғамдық та, меншік те мал бағатын жер қалмай барады. Ал азғантай жайылымды таптаурын ету жер эрозиясынын, бір түрі – жайылым эрозиясы қаупін күшейтеді.
Осыған орай сортаң жерлерді игеру концепциясын да қайта қарау керек деп есептеймін. Тыңдағы сортаң жерлерді жыртуды ар- наулы машиналар мен құрал-жабдықтар шығарғанға дейін мүлдем тоқтатқан жөн. «Карагандасельмаш» заводының құрылысын аяқтау мəселесін шешпей болмайды.
Арнаулы машиналар мен құрал-жабдықтар шығарылғаннан кейін де, экологиялық жағдайды анық болжап, біліп алмай, сортаң жерлерге кең көлемді шабуыл жасау мүмкін емес. Тек Ақтөбе об- лысында ғана қазірдің өзінде 100 мың гектардан астам сортаң жер игеру технологиясының дұрыс болмауынан мүлдем бүлініп, істен шығып қалды. Басқа облыстарда да бүлінген жер аз емес. Осыған орай Қазақ ССР Ғылым академиясының Топырақтану институ- ты сортаң жерлерді түгел есепке алып, республика Министрлер Советіне мəселенің жай-күйі туралы толық информация (əрине, онда істен шыққан жер көлемі мен келтірген зиян да толық көрініс табуы керек) жасаса, нұр үстіне нұр болар еді.
Жерді тиімді пайдалану жөніндегі ойларымды толық білгі- леріңіз келсе, меніңше, қазір егістік алқабының есебінде жүрген жарамсыз жерлерді де босату керек. Сонда материалдық жəне кадр ресурстарын тым шашыратып, тиімсіз пайдалануға да біршама тосқауыл қойылады. Əйтпесе, қазір тек осы кемшілік салдары- нан ғана астық өсірудің технологиялық талаптары кей жерлерде жарым-жартылай (50%) ғана орындалып жүр. Егіншілік жүйесінің жекелеген элементтері бойынша бұл көрсеткіш тіпті 30 проценттен аспайды. Жарамсыз жерлер есебінен егістік көлемін қысқарту ор- нын интенсивті технологияны жете игеру мен таза пар алқаптарын бірте-бірте азайту арқылы толтыруға болар еді.
Қалай болғанда да Жер-анаға өгей баласындай қарау жараспай- ды. Оны аялай білу керек. Қазір, тіпті, ең алдымен егіншіліктің экологиялық жүйесін негіздеу қажет дер едім. Жер тағдыры ел тағдыры екенін естен шығаруға болмайды. Бұл туралы Бүкілодақтық XIX партия конференциясының биік мінбесінен де барынша ашық айтылды ғой.Мəке, Жер-анаға аялы көзқарас қажеттігі жөніндегі азаматтық позицияңызды ашық ортаға салғаныңыз ұнап отыр. Бүгінгі Арал мен Балқаш проблемасы сияқты, кейін тың тағдыры үшін күреске шақырып, қиналмас үшін, бар проблеманы бүгін түстеп танып, оны шешу жолдарын да сөз-бұйдаға салмай іздестіріп, табуға шақырудай əсер қалдырды мұныңыз. Енді осыған байланысты тағы бір сұраққа жауап бере кетіңізші. Биыл май айында өткен үлкен бір кеңесте шығып сөйлеген ғалымдардың бірі қазір жер де нашақорға ұқсап барады, нашақор есірткіге құмар болса, жер тыңайтқыш пен гербицидсіз өнім бермейді деген ой айтты. Əрине, оның табиғат үшін зияндылығына назар аударды. Осы орайда отыз жыл бойы жермен жұмыс істеп келе жатқан ғалым ретінде не ай- тар едіңіз?
М.Сүлейменов: Тыңайтқыш пен улы химикаттарды ойлан- бастан, негізсіз қолдану қоршаған орта мен адамға орны толмас зиян келтіретіні анық. Сондықтан да бұл орайда өте сақтық пен біліктілік қажет. Қайтарымы көп болсын деп шектен тыс мөлшерде пайдалануға тоқтау салу қажет.
Бірақ бұл химияландырудан мүлдем бас тарту керек деген сөз емес. Интенсивті химияландыру негіздерін басшылыққа алу керек. Тағы бір назар аударарлық жағдай – тыңайтқыштар мен улы хи- микаттарды топыраққа сіңірудің тиімді жолдарын іздестіру. Дəнді дақылдарды дəрілеу ауқымының ұлғаюы онша тиімді емес.
Қазір республиканың солтүстігінде тыңайтқыш пайдаланудың жаңа кезеңі басталып отырғанын айта кету керек. Осыған дейін біздің жерлерде топыраққа тек фосфор тыңайтқышын сіңіру қажет деген көзқарас берік орнығып келді. Ал азот тыңайтқыштары астық үшін пайдасыз, тіпті зиянды деп есептелетін. Енді бұл көзқарасты өзгерту керек. Өйткені, бірқатар егістік танаптарында жүргізілген ғылыми-зерттеу азот тыңайтқышын пайдаланудың тəуір перспек- тивасы бар екенін көрсетіп отыр.
Органикалық тыңайтқыштар мен сабанды топырақтың құнар- лылығын арттыру мақсатында Тиімді қолдану мүмкіндіктері де аз емес екендігін ғалымдарымыз жасап жатқан тəжірибелерден байқауға болады.
- Бүкілодақтық XIX партия конференциясында елімізде Азық- түлік проблемасын шешудің бірінші кезектегі міндет екеніне айрықша көңіл бөлінгені белгілі. Бұл маңызды міндеттің орын- далуына тыңдағы егіншіліктің даму деңгейі де едəуір əсер ететіні құпия емес. Жоғарыда оның жекелеген үлкен проблемалары, ғылыми-зерттеу жұмыстарының перспективалары жөнінде сөз еттіңіз. Енді осының бəрін тұжырымдай келіп, тың диқандары мен ғалымдары қазір шешіп жатқан басты міндеттерді атап өтіңізші.
М.Сүлейменов: Республика территориясында астық өсірумен айналысу өте ертеден басталғанына қарамастан, оны аса кең ауқымды мəнінде терең ғылыми жүйеде дамыту үстіміздегі ғасыр- дың екінші жартысынан басталады. Алпысыншы жылдары акаде- мик А.И.Бараевтың жетекшілігімен біздің институтта егіншіліктің мүлдем жаңа – топырақ қорғау жүйесі дүниеге келді. Алпысыншы жылдардың аяғында соқаның орнын сыдыра жыртқыштар басып, дискалы дəн сепкіштердің орнына культиватор – дəн сепкіштер, ал тиісті тырмалардың орнына – шанышқылы тырмалар келді, дəнді дақылдар тұқымын себу мерзімі май айының екінші жартысына қарай шегерілді.
Оныншы бесжылдықта республикада астық өндіру көлемі 27,5 миллион тоннаға жетті. Бірақ бұл тек егіншіліктің топырақ қорғау жүйесін өндіріске енгізудің ғана нəтижесі емес еді. Оған ауа райының біршама қолайлы болуы да игі əсер етті. Соның дəлеліндей қуаңшылық бел алған онбірінші бесжылдықта астық шығымдылығы тағы да гектарынан он центнер деңгейінен көп төмендеп кетті. Оның үстіне топырақтың құнарлылығы кеми түсті. Бірқатар ғалымдар мен практиктер: бұрынғы егіншілік жүйесі жағдайында болса мұндай қуаңшылықта тіпті қиын хал- де қалар едік қой деп өздерін өздері жұбатуға тырысты. Пар- тия, совет қызметіндегі басшылар да оларға қосылып, адамдар қолдан келгеннің бəрін жасап-ақ бақты, бəріне бұрын-соңды бо- лып көрмеген құрғақшылық кінəлі дегенге тоқтады. Бірақ бұл толық шындық емес еді. Өйткені, бірқатар шаруашылықтарда сол қуаңшылық жағдайының өзінде жоғары нəтижеге қол жеткенін қайда қоямыз? Институттың тəжірибе шаруашылығында, мыса- лы, гектар шығымдылығы соңғы екі жыл ішінде орта есеппен 17,8 центнерге дейін көтерілді. Көкшетау облысындағы «Златополь» совхозында кейінгі он бір жылда бұл көрсеткіш 21 центнерден ай- налып отыр. Целиноград облысындағы Вишнев жəне Целиноград құс өсіру жөніндегі өндірістік бірлестіктерінде соңғы үш жылда астық шығымдылығы 20 центнерден бір төмендеп көрген емес.
Яғни астық шығымдылығын тұрақтандыруға басты бөгет егіншілік мəдениетінің əлі көп төмен жатқандығында екенін мой- ындауымыз керек. Бірқатар оң қадамдар жасалғанымен, күрт өзгеріске қол жеткізе қойған жоқпыз. Əлі де өнімділігі жоғары, əрі сенімді техника мен жоғары білікті кадрлар жетіспейді, еңбекті ұйымдастыру деңгейі төмен, егіншілік пен мал шаруашылығы үйлесімді дамымай отыр, соның бəрі технологиялық тəртіптің орындалмауына апарып соғуда.
1985 жылдан бастап Солтүстік Қазақстанда егіншілікті дамы- тудың жаңа кезеңі басталды. Бұл қалыптасқан жағдайда түбегейлі өзгертудің бірден-бір жолы болып отыр. Астық өсірудің интенсивті əдісімен күтіп-бапталған 5 миллион гектар алқап тағы жаздық би- дайдан едəуір қосымша өнім алынуы оған нақты дəлел бола алады. Егіншілікті интенсивті негізде дамытуға бағыт ұстала отырып, тыңда қазір мынадай негізгі міндеттерді шешу мақсат етілуде. Ең алдымен – егістіктің əр гектарынан алынатын астық пен мал азығы мөлшерінің деңгейін тұрақтандырып, одан əрі көтеруге (20-25 про- центке дейін) қол жеткізу керек. Бұл үшін топырақ құнарлылығын сақтаудың жəне арттырудың жолдарын іздестіріп, топырақтың жел мен су эрозиясына төзімділігін күшейткен жөн. Экономика- лық көрсеткіштерді жақсарту ұдайы назарда болуға тиіс. Мəселен, I центнер астықтың өзіндік құнын қазіргіден 15-20 процент- ке арзандатуға мүмкіндік бар деп есептейміз. Технологиялық жəне экономикалық мəселелерді шешу кезінде істің экологиялық жағын бір сəт те естен шығарып алуға болмайды. Түптің түбін- де, экологиялық егіншілік қана қоғам мен адамның ең көкейтесті мүдделеріне жауап бере алады.
Тыңдағы егіншіліктің қазіргі даму кезеңінде шешілуге тиісті міндеттер осындай өте күрделі. Бірақ қоғамымызда жүріп жатқан зор революциялық мəні бар қайта құру процесі оларды ескі тап- таурын жолдардан бас тарта отырып, басқарудың əкімшілік əдісінен арылу, кең демократия мен пікір алуандығына төзімділік жағдайында батыл творчестволық ізденістер жасау, жақсы идея үшін бел шешіп күресу жоғары талаптар биігінен көрінуге толық мүмкіндік береді деп ойлаймын. Бұл сенімді Бүкілодақтық XIX пар- тия конференциясынан алған əсерлерім мен көңілге түйгендерім күшейте түсті.
Целиноград облысы, Шортанды ауданы,
Бараев атындағы Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты.