04.05.2022
  126


Автор: Фариза Оңғарсынова

Оқырманға

Жыр-жайлау
жанымды арбаған,
жете алмай, жолда қарманам.
Исі-ай деп жусан, жалбыздың
жүректегі армандарды үздім, –
жырақтай береді алдағы əн...
Қайсың бар ерер, ал, маған?
Шатқалдарында жар-құздың,
ақпан жалында қар, мұздың
көлденең көзден қорғарсың.
Қыдыр ата боп қолдарсың –
жанымда жүрші, жалғызбын!





Пікір жазу