04.05.2022
  220


Автор: Фариза Оңғарсынова

Ертегі

Қонды тағы даланың төріне түн,
қымтап қара торғынмен өңі-бетін.
Жұлдызды аспан көнерген киіз үйдей
үзігінен моншақтар көрінетін.
Түбі келер жүйріктей иесіне,
ана сүті құндақтың киесі ме –
бала шағым əйтеуір əр сəтімен
оралатын болып жүр жиі есіме.
Бəрі де ыстық бұл күнде маған мына:
қызуымнан кеудесі нəр алды ма –
құс төсекте анашым қойнына алып
жыр айтумен самайы ағарды ма?..
Бастағанда ертегі, жырын анам,
көз алдыма келетін ұлы ғалам.
Алты қанат ақбоз үй қоңырайып,
түндік, туырлықтары да ыдырағын.
Кеш түсуін күтуші ем алмай тыным,
естілгенше қиялды жалғайтын үн.
Анам айтар ғажайып əлемге еніп
көз ұйқыға кеткенше шарлайтынмын.
Бала қиял баурады, жебеді əрі,
ертегіден басталды неге бəрі?..
Сол ғажайып əлемнің ой мен қырын
шарлап тауыса алмастан келем əні.





Пікір жазу