04.05.2022
  218


Автор: Фариза Оңғарсынова

Жабайұшқан

Өмірім – бұлқыныс дəйім
сезеді мұны білгендер ұмтылыс жайын.
Қашаңғы дала кеземін кезеріп ернім –
биігіңді бер, ей, аспан, бір
тыныстайын.
Бұлақсыз, сусыз, япыр-ай, мұнша жер
не еткен,
көрмеп ем дархан даланың құрсағын кепкен.
Сахна – жазық, арқалы дирижер – дауыл.
Қос дауысқа сап қурай мен жусан əндеткен.
Тыңдайды маңай қурай мен жусанның əнін,
үнсіздігінен тұнардай түрсең құлағың.
Төбелер мылқау, қимылсыз. Көкжиек жырақ.
Өзімді өзім демеумен бусанды жаным.
Шаршаған мендей сусынға кенелмей далам.
Шөлдеген жанын қиялмен демер кейде адам.
Біткенімде əбден титықтап,
кейбіреу жеткен
мəңгілік шырқау бір күні келердей маған.
Осы ма деп ем жаныма нұр шашар мекен,
мұнда да күн тасады екен.
Бытқылды кезіп қажыдым биікті көрмей,
«Жабайұшқаннан» бір қарғып, шырқасам ба екен.





Пікір жазу