Жерге наз
Жер!
Үстің қылмыс пенен жаза кілең,
менше, сенен дозақтың азабы кем.
Жылап келіп,
қойныңа жылап кетем,
сенде тозып мендегі ғажап ірең.
Жер – жаннат деп өткенмен балалық күн,
өмір мəнін жылдарға қарап ұқтым:
мен де Адам, Хауаның қылмысынан
адам болып о баста жаралыппын.
Азап сепсе тірлікке əр тынысың,
қайдан жұмақ жасасын жарқын ісім,
ата-бабам айдалып келсе Жерге
қылмысының жазасын тарту үшін.
Ендеше айып жансың деп бағар басын
мінеп-жонып тағу да адамға сын.
Жердің жұмақ болуы мүмкін емес
дозақты алмастыруға жаралғасын.
Тамыры ащы болғаны құрақ солса,
жоқтау бекер шындықты жылап сонша.
Менен пəктік күту де күлкілі жай
жаралғаным қылмыстан рас болса.
Бықсудасың, Жер атты жертөлеміз,
бекер сендегі өмірді сор көреміз.
Мен – қылмыскер, сен – дозақ, мəңгілікке
екеуміз де осылай өртенеміз.