04.05.2022
962
Ананы жоқтау
Айсəуле ана – ақ ана,
балаушы ем сені данаға,
өсиет сөзің санада.
Ұзатып сені сапарға,
жалғыз қалдым жағада.
«Ақ патшам» деп алдымнан,
шығушы едің, жан ана.
Енді кіммен сырласам,
енді кіммен мұңдасам?
Орның толмас жырласам,
өзіңді іздеп қырға асам.
Əкенің отын өшірмей,
алғыс алдың жұртыңнан.
Қазақтың ақыл
-есіндей,
халқына дара ұл туған.
Батагөйі едің елімнің,
Сен кеткен соң келіннің
жанарына мұң тұнған.
Менің де жасып жігерім,
жыладым
-дағы, жүдедім.
Жалғызсырап тұр жүрегім...
Əулиелер жатқан топырақ,
торқалы болар – білемін.
Жəннатта болғай жаны деп,
қол жайып тілек тіледім.
Арттағы ел, бала
-шағаға,
жар болсын, Алла
-тағала,
жебей гөй бəрін, Жан Ана!..