04.05.2022
  147


Автор: Фариза Оңғарсынова

75 жас Қожахмет Балахметұлына

Армысың, ұл мен қызы ардақты елдің,
өзіңмен тамырымды жалғап келдім.
Көкшенің асыл ұлы 75-ке
келіпті дегеннен соң арнап келдім.
Ұрпақтар Сіз өсірген қартаюда,
кей жанның жамалынан əр таюда.
Халықтың алғысымен қуаттанған
жігіттер тиісті емес қартаюға!
Көрінсе өзіңіздей марқа тұлға,
тағады қыз-келіншек алқа-сырға.
Қазақта Тоқсанбайлар болған талай
дəл Сіздей жігіттердің арқасында!
Толыққан тобылғыдай тепсеңдерде
жетіңіз осы күйде сексен белге!
Туар тек Ел сүйенер марқасқалар
Абылай, Хан Кенелер өскен жерде!
Сіздерден қуат сезіп жел күшіндей,
жүремін аласырмай, мен кішірмей.
Еншалла ұрпақ азбас сіздер барда
халқымның тектілігінің белгісіндей!





Пікір жазу