04.05.2022
  340


Автор: Фариза Оңғарсынова

Қызылорда

Халқымның нəрін іздесең,
қасиетті қанын іздесең,
анамның тілін іздесең,
бабамның жырын іздесең,
аздардың жанын жалмаған
уақытқа көнбей сары далам,
ұрпағым мəңгі мəнімен,
қанымен, əрлі əнімен
қалса деп жанды қармаған
өлкені жерден іздесең,
үмітіңді əлі үзбесең,
Қызылордаға барғайсың!
Ұясы – Сырдың аймағы,
бұзылмай жатқан қаймағы,
онда бір ел бар жайдары.
Қорқыттың сазды мұңынан,
Балқы Базардың жырынан
жанына қорек
-нəр алған,
қыздары қудай таранған,
ұлдары жайсаң, жаны – арман;
жолдасқа жаны даладай,
достыққа сенген баладай,
атаның салтын, дəстүрін,
аналар сенген жақсы ырым –
қастерлеп бойға сіңірген,
даласын сүйген дірілмен –
салты бар, шыңдай даңқы бар,
сардары сұңғыла, халқы нар
ертеңі нұрдай жарқырар
қасиетті Қызылорданың!





Пікір жазу