04.05.2022
121
Жыраудың мұңы
Айла менен амалға,
пайда менен арамға
тізгін берген кез болды.
Ақылды кім, адал кім –
тұңғиыққа қамалдың,
ерің жүнжіп ез болды –
құлқы осындай заманның.
Қолға билік алды кім –
шешті жердің тағдырын:
ар, абырой – барлығын
сəтте сатып аласың,
пұлың болса, табасың!
Билік арды тайдырды,
домалатты Ай, Күнді.
Күші болса қолында,
ақымақ та айбынды.
Кермек болды – татқаным,
кердеңдерге жақпадым;
бергім келді-ақ ақысыз –
алар ешкім таппадым
менің тордай қайғымды.