04.05.2022
  134


Автор: Фариза Оңғарсынова

Шәкең мен Шопан

Қазалы маңы – қалың қой,
құйрықтарын-ай қақпадай!
Шопанда жалғыз жалынды ой.
«Көктемде төлім қаптағай –
он мыңға жетсе, бағым ғой!
Қызығар сонда жат талай!»
«Қой деген мал ғой, қарағым,
тоямыз етін кешке жеп.
Ал, менің жалғыз талабым –
тілеймін ойды кестелеп:
қара домалақ баланың
он мыңға саны жетсе деп...»





Пікір жазу