04.05.2022
  123


Автор: Фариза Оңғарсынова

Мен

Қарным тойса, сезінуден жырақпын,
талып ұйықтап, түс көруді ұнаттым.
Кердең басып, күй кешемін қаперсіз,
жер бетіне орнағандай жұмақ-күн.
Кедейліктен намыссызбын, мылқаумын,
тамағыма кептелгендей қылқан-мұң.
Ыржиямын өлген əкем келгендей,
Табанында жатсам да өзім бір таудың.
Өзім екен, жауым менің кім десем,
білсем-дағы жатқа жайдақ мінгесем,
қос індеттен арыла алмай, жалғанда,
бар-жоғым да беймəлім бір күн кешем.
Күрсінбесең, күлме бұған, дос қауым,
бұл күйімде шықпас менен оқшау үн.
Биіктерге бастырмайды шідерлеп
шірену мен жалқаулығым – қос жауым.
Кейбіреуде сана саяз, жыры кем,
мен барымды көрсете алмай түңілем.
Жақсылардың санатына қосылмай,
өтер ме екем шынымен?..





Пікір жазу