04.05.2022
183
Ақыл
Қорқынышты емес шабуылдар мен жортулар,
жердегі өмір – өрт пенен дауыл, толқын, жар.
Ер жігіттер бар елдіктің туын көтерген –
оңайлықпенен құламас, бəлкім, ол тулар,
уəйім кешпеңдер! Бұл дүниеде тек сендер
көкірегінде саңылау жоқтан қорқыңдар!
Қорқынышты емес – кедейліктен де түңілме,
басың жасаса, бай болу оңай бүгінде.
Қорқынышты емес бейнетің бе, ауыр жүгің бе,
адалдығың мен қуатыңа сүйен, бүгілме!
Халқыңнан шыққан сəулесі жоқтар түрінде
жігеріңді сенің құм етер солар түбінде.