04.05.2022
269
Сұрақ
Жарқыраған ғұмыр-Күн,
білгім келіп сырын мың
өзгеге де үңілдім,
өзіме де үңілдім,
үңілдім де түңілдім –
құпиясын тірліктің
түсіне алмай мұң жұттым.
Жер-жаһанға қарадым,
қарап қайран қаламын:
сонау көктің жанарын,
Жердің нұрлы жамалын,
Жəндігі мен адамын
қалай, қай күш жасаған –
сырын, қайтсем, аша алам?..