04.05.2022
132
Тістену
Сарығұл өткен ғасырдың аяқ кезінде өмір сүрген,
билікті топтан көп қорлық көрген кедей палуан екен.
Күндеңдер мына мені –
кішірейтудің сол шығар бір-ақ емі.
Мен түгілі мерт болған күндестерден
Ақанның Құлагері.
Жүздеріңнен төгіңдер қылыш ызғар,
содан, рас, жанымның мұңы сыздар.
үн шығармай бəрін де ұғып тұрып
мойындамауға тырысыңдар.
Сыртымнан ғайбат үнмен қаралаңдар,
оқ атып найза тілден.
Күн көріңдер əйтеуір қапы қалмай
өзгені жайратумен.
Құлатыңдар мына мені –
көп өмірдің құздары, жыра, белі.
Қимылдаңдар.
Бірақ тек соның бəрі –
менің кішіреймеуімнің бір-ақ емі!