04.05.2022
  277


Автор: Ескермес Жақсымбетұлы

Балалық шақ белесі

Ешнәрсеге қарайламай зырлаған,
Уақыт дейтін тәкәппарлау бір ғалам.
Ақындарын жылатып та жырлатып,
Өткен еді дүркіреген бір заман.



Бұрын-соңды ешкім көріп, білмеген,
Тыныш жатқан дала төсі дүрбелең.
Жаңа Кеңес өкіметі орнаған,
Қуғын-сүргін болатұғын бір кезең.



Ұжмақ заман кетті енді келмеске,
Көрмегендер айтқанымен сенбес те.
Байды талап, бөліп берді кедейге,
Елдің іші атыс-шабыс, кәмпеске.



Армандарға кең сермеген қанатын,
Мәлім еді Мәлік палуан, Шәді ақын.
Қаратаудың Теріскейін жайлаған,
Кенесары хан тұқымы болатын.



Өнерлі екен жан салмаған алдына,
Жалғыз үйлі жарлыға бақ қонды ма?
Әнәпия – Қалдаяқтың әкесі,
Зергер, ұста болатұғын Домбы да.



Атасының кәсібі еді ұсталық,
Домбы ұстаның баласы да ұсталып.
Қара дүкен қалған мирас атадан,
Шындықты айтып, ісі кетті қысқарып.



Жаза алмады көңілдегі сызатты,
Үзе алмады мықтап құрған тұзақты.
Дайырбек бай өкіметтен жасырып,
Егіз қызы Ай мен Күнін ұзатты.



Дайырбектің қыздары еді алаңы,
Той жасады, естігендер барады.
Жігіт ертіп тойға барған Қалдаяқ,
Қыздарменен айтысып кеп қалады.


 


Ешнәрсеге қарайламай зырлаған,
Уақыт дейтін тәкәппарлау бір ғалам.
Ақындарын жылатып та жырлатып,
Өткен еді дүркіреген бір заман.



Бұрын-соңды ешкім көріп, білмеген,
Тыныш жатқан дала төсі дүрбелең.
Жаңа Кеңес өкіметі орнаған,
Қуғын-сүргін болатұғын бір кезең.



Ұжмақ заман кетті енді келмеске,
Көрмегендер айтқанымен сенбес те.
Байды талап, бөліп берді кедейге,
Елдің іші атыс-шабыс, кәмпеске.



Армандарға кең сермеген қанатын,
Мәлім еді Мәлік палуан, Шәді ақын.
Қаратаудың Теріскейін жайлаған,
Кенесары хан тұқымы болатын.



Өнерлі екен жан салмаған алдына,
Жалғыз үйлі жарлыға бақ қонды ма?
Әнәпия – Қалдаяқтың әкесі,
Зергер, ұста болатұғын Домбы да.



Атасының кәсібі еді ұсталық,
Домбы ұстаның баласы да ұсталып.
Қара дүкен қалған мирас атадан,
Шындықты айтып, ісі кетті қысқарып.



Жаза алмады көңілдегі сызатты,
Үзе алмады мықтап құрған тұзақты.
Дайырбек бай өкіметтен жасырып,
Егіз қызы Ай мен Күнін ұзатты.



Дайырбектің қыздары еді алаңы,
Той жасады, естігендер барады.
Жігіт ертіп тойға барған Қалдаяқ,
Қыздарменен айтысып кеп қалады.


 


Дүниеге келді мына далада,
Апарады қай қиырға жол - ана!
– Дауысы нәзік екен,-деді Қалдаяқ,
Патша емес, түбі әнші бола ма?



Бұл тарихта өтті патша қаншама?
Дүниеге келді бала ән сала.
Адамдардың болмаса да патшасы,
Жаман емес, ән патшасы болса да.



Солай деді Құдайберген құрдасы,
Қалдаяқтың екеу болды бір басы.
Ауыл ішін бір әуенге бөлейді,
Сыңғыр қаққан қыз-келіншек сырғасы.



Күндер өтіп, Қадыр келді өмірге,
Шаттық сезім ұялады көңілге.
Мүшелікке өтіп жаңа колхозға,
Ұста болып орналасты Темірге.



Шаруашылық енді қанат жайғанда,
Ел Батысын айналдырып ойранға.
Алапатты соғыс кетті басталып,
Еркек біткен аттанды қан майданға.



Соғыс дерті жабырқатып көңілін,
Азамат боп ақтауға ел сенімін.
Жазғы уақта босағанда мектептен,
Басып тұрды бала әкенің көрігін.



Қарап тұрса ертегіден аумайды,
Төс үстінде ыстық темір аунайды.
Көк түтін боп басқан сайын көрікті,
Жарқ-жұрқ етіп ұшқыннан от лаулайды.



Періштең бар оңың менен солыңда,
Кездесетін қиындық бар жолыңда.
− Ән сыйладым саған,-дейді бір кісі,
Қасына кеп, домбырасы қолында.



Тырна болып тыраулайды көктегі үн,
Бала көңіл сағынған-ау мектебін.
Дей берді де сасқалақтап ұмтылды,
Әке біліп, бала ұйықтап кеткенін.


 


Ала қойсын деп едім бір сәл демін,
Қысылдың ба, мұнша неге терледің?
Бәйек болды әке ұлын айналып,
Айтып берді Жәмшид түсте көргенін.



Жақсы нышан көріктен от көсепсің,
– Көркейесің,- деді әке, – өсерсің.
Қыдыр бабаң келген саған домбыра ап,
Алла жар боп, арманыңа жетерсің.



Құран оқып, еске ап жеті атасын,
Ел аралап бұйырған дәм татасың.
– Өнеріңе өнер қос,- деп тілеулес,
Жәмшидіне берді әке батасын.



Күш алғандай ана таққан тұмардан,
От лаулатып, шығатұғын құмардан.
Жетелейді асау сезім әл бермей,
Жүрегіне ұялатып ұлы арман.





Пікір жазу