Ораза айт – қайырымдылық пен қамқорлық мерекесі
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлына құттықтау хат жолдап, күллі мұсылман үмбеті қасиет тұтатын ұлық мереке Ораза айтпен құттықтады.
«Ораза айт – қайырымдылық пен қамқорлық танытуға шақыратын, сондай-ақ бейбітшілік пен келісімге үндейтін қасиетті мерекенің бірі. Ұлттық болмысымыздың негізінде жатқан жақсы ниет, ізгі істер, соның ішінде халықты ауызбіршілікке, ынтымаққа, бауырмашылдыққа шақыру – Ораза айттың жарқын көрінісі.
Рамазан айы бойы мешіттерде Аллаға мінәжат жасап, еліміздің бірлігі мен тыныштығын, халқымыздың амандығын сұраған дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Ораза айт мерекесінде сізге және ұжымыңызға рухани күш-жігер, жарқын көңіл, мол игіліктер мен зор денсаулық тілеймін» делінген министрдің құттықтауында.