02.05.2022
  308


Автор: Жұбан Молдағалиев

БАЙҚОҢЫР БИІГІНЕН БӘРІ КӨРІНЕДІ


Бұл кісімен көзбе-көз көрісіп, ауызекі сөйлесуімтұтас бір дәуірмен дидарласып, соның күллі түртұлғасын көз алдыма көлденең тартқандай әсерқалдырады. Сырттай қарағанда әлі тып-тың. Гу-гуәңгімеге келе іштей де бүтін, рухани сергек екенінтанисың. Ал артқа тастаған жол сапарларына көзжіберсең, ұзыннан ұзақ керуендей шұбатылғанжылдар көшін, естен кетпес ересен-ересен оқиғаларкуәгерін көресің.
Ақсақалдың болмысында аққұба қызыл шырайлыжүзі, әр кезеңнің шуағы мен самалынан, аязы менаптабынан көне тартып, тотықса да, ажарын алдырақоймаған. Мол мейірімге, жарқын жылылыққа толықой көзі күлімсірей қарайды. Тек маңдайдағы әжімжосалары ғана, ілеуде бір қабақ шыта қалса, қазақдаласының қара жолдарындай қалыңдай түседі. Олжаралғалы жер бетінде қаншама су ағып, қаншамажыл өткенін де еске салатын селолар секілді. Айттыайтпады, қараңғы қазақ шаңырағы астында дүниегекелген Ишанқұл Дәулетов қария туған жерінің бәзбаяғы бейнесін көре қалған, шөгірін табанымен, ащытерін арқасымен, тандырын таңдайымен, талдырғанаптабын маңдайымен сынаған адам.
Байқоңыр космодромында бір болсам дегенкөптен бергі көкейтесті арманым ақталып, кеуденікернегендей керемет әсерлерге кенелгеннен кейін  менің ақын жаныма екі заманның – кешегі менбүгінгінің – бірдей куәсі сияқты сол кісімен кездесумейлінше қажет болды.
Біз Ишанқұл ағайдың үйінде көп отырыпқалдық. Біз дегенім – қоңыр өңді, айбынды орысгенерал мен ұлты украин болса да, қазақшаға судайқалалық партия комитетінің секретары және өзім.Сонымен үшеуміз осы бір көп жұрттық жомартдастарқан үстінде шынайы шындық шежіресін ұйыптыңдап отырдық. Ойлап қарасам, аңыз дегеніміздіңөзі осындай өмір хикаяларынан туады екен ғой.
Ишанқұл ағаймен әңгіме дүкен құрыпотырғанда, сол кісінің аузына қайта-қайта түсе берген «Байқоңыр биігі», «Байқоңыр баспалдақтары»деген ұғымдарға құлағым бірден елең етіп, көңілімкүрт шап берді. Мағынасы бір бұл екі сөз келешекдастанның даяр аты секілді естілді маған.
Біз ақсақалдың нені меңзеп отырғанын, әрине,әбден түсіндік. Оның өзі туралы айтқаны – халқытуралы айтқаны еді. Айтқанда, ойдан шығарыпотырған да еш нәрсесі жоқ. Тек көріп-білгенін ғанаортаға салулы. Бірақ ой өрісі өткенге оралуға да,келешекке көз тастауға да жетіп отыр.
Ишекеңнің сырын тыңдай отырып, бір белгіліқағиданы тағы-тағы еске аласың: терезесі теңдерқоғамында, біздің социалистік қоғамда адамға еңқажет нәрсенің бірі – өзара үнемі араласу, ойсезімін ортаға салу, күйініш-сүйінішке ортақтасу.Мұндай жағдай әлбетте, тату-тәтті бір семьядағана болады. Мұны туыстық деп атаймыз. «Меніңүйім – сенің үйің, менің төрім – сенің төрің» дейдіқазақтар туысқандарына. Ал советтік Отан – біздің  ең қасиетті, ең үлкен үйіміз, ортақ үйіміз десек, бұлжел сөз емес, нағыз шындық.
Біз тарихи документке – «ССРО халықшаруашылығын өркендетудің 1976-1980 жылдарғаарналған негізгі бағыттарына» тағы бір көзжіберейікші. Ленин партиясының кемеңгер ақылойынан жаралған, КПСС XXV съезі мақұлдағанбұл программалық документте тамаша өлеңтүйініндей қайталанып, рефрен сияқты боп отыратын «қамтамасыз етілсін», «жүзеге асырылсын»,«жеделдетілсін», «жетілдірілсін», «көбейтілсін» деген сияқты кесіп айтылған нұсқаулар ерекше назар аударады. Сонымен бірге, теңізге құйғанбұлақтардай, халық байлығын құрайтын сансызшаруашылық салаларының ұлы міндеттері, ғаламатцифрлар көз алдына келеді.
Жасыратыны жоқ, ақынға мұншама қат-қабатцифрлар тілін ұғу өрнекті өлең тілінен, әрине,әлдеқайда қиын. Бірақ нағыз поэзия сол цифрларсырында екенін жақсы білем. Мен олардан не керемет ірі істерді, халықтың рухының ұлылығын,партияның даналығын, шабытты еңбегін көрем.Әрине, шытырман есеп машиналары цифрларғаменен әлдеқайда жетік, сансыз есе жүйрік. Дегенмен менің өз есепшім, өз өлшеуім бар. Ол –өзімнің жан-жүрегім, соның таразысы. Бұл арқылымен халық шаруашылығын өркендету жоспарыныңцифрларынан «құлақтан кіріп, бойды алғандай»құдіретті симфонияны ести алам.
«Оныншы бесжылдықтың басты міндеті– қоғамдық өндірісті серпінді және үйлесімдідамытудың, оның тиімділігін арттырудың, ғылыми-  техникалық прогресті тездетудің, еңбек өнімділігінарттырудың, халық шаруашылығының барлық буындарында жұмыс сапасын барынша жақсартудыңнегізінде халықтың материалдық және мәдени тұрмысдәрежесін жақсарта беру жөніндегі Коммунистікпартияның бағытын дәйекті түрде жүзеге асыру».Сайып келгенде «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні»осынау бір сөйлемде толық айтылған. Цифрлардыңкілті де осында, олардың «сыр сандығы» сонымен ашылады. Маған олардың нұрлы келешегініңтүсініктілігі былай тұрсын, мен солардың жемістерінқолмен ұстап, көзбен көріп тұрғандай сезінем.«Байқоңыр баспалдақтары» дегенде Ишанқұл ағайда осыны есіне алған болуы керек.
Мен ой-қиял арқылы онымен әлі де сұқбаттасыпотырған сияқтымын. Оның баяу, қоңыр дауысына құнттап құлақ қойып, әр сөзін жадымда сақтапқалғым келгендей болды. Тіпті сөйтіп бірге басып,қатар жүріп келе жатқандаймын.
Иә, жүріп келе жатырмыз, жүріп келе жатырмыз. Сонау-сонау даңқты бесжылдықтардың алыпасулары мен алыс-жақын кең жазықтары арқылыжүріп келеміз. Алдымда Днепро-ГЭС-тің миллионкөз оттары мен Магнитогорск домналарының алтын арайлары жарқырайды. Түрксиб «түйісуі» декөз алдымда. Оның болат жолы, жылдар жоталарын жарып өтіп, мені тоғызыншы және оныншыбесжылдықтың ғажайып аңыз шежіресіндей БАМ-ғаәкеліп жеткізді. Сол жерден тағы да өткенге оралам.
Міне, Қарағанды көмірін тиеген эшелондарүздіксіз өтіп жатыр. Жоқ, дәл айтсақ, майданға,маған келе жатыр. Туған жердің, туған халықтың
 жылуын, жүрек отын алып келе жатыр. Сол отпен, сол жылумен Ұлы Отан соғысының окоптары жылынулы. Мен де жылынып, мен де ұлысенімге бөлендім: ажалды да, аязды да жеңеміз,фашистердің де күлін көкке ұшырып, тұқымынқұртамыз. Кейін, жеңілген Рейхстаг үстінде советтікалқызыл Жеңіс туы желбірегенде, оның алаулапатқан таң нұрындай ғажайып сәулесі социалистікмемлекетіміздің индустриялық қуатының негізінсалған алғашқы бесжылдықтар оттарымен шағысыптұрғандай көрінді.
Коммунистік партия жаңа шабуылға, соғыстанкейінгі бесжылдықтарды атойлауға шақырады.Цифрлардың сараң, тұжырымды тіліне сүйенген жоба-жоспарлар, жігерге жігер қосқандай дана программалар алға тартылды. Әлбетте, цифрлар естеқала бермейді. Бірақ қираған қалалар мен селоларды, заводтар мен шахталарды аяғынан тік тұрғызып,қайта құлпыртқан қаһарман құрылысшылар халықесінде мәңгілікке сақталады. Қолдары қару ұстауғакөндігіп, бейбіт еңбекті тосырқап қалған кешегі жауынгерлер, жараларының ауызы қара қотырланыпболар-болмастан-ақ, халық шаруашылығын қалпынакелтіріп, одан әрі өркендету бесжылдықтарыныңшептеріне бел шешіп тиісті, жасампаз іске жанжүректерінің аңсаған арманымен, сарғайтқансағынышымен, жалынды жігерімен кірісті.
Осылайша мен күнге қарай көтерілгендей, жылдар баспалдақтарымен жоғары өрлеп, тоғызыншыбесжылдықтың мәресінен өттім. Бұл бесжылдықтыЛеонид Ильич Брежнев еліміздің тарихындағы еңжақсы бесжылдық деп бағалады.
 Республика өміріндегі өзгерістердің тұлғатұрпатын айыратын менің тағы бір өз әдісім бар:бойыма қуат, бесігіме тірек болған сонау бір аттөбеліндей жерге көз жіберем. Ол жерде менің аузымнан «мама» деген ең қадірлі тұңғыш сөз шықты.Сол жерде мен тәй-тәй тұрып, айналаға қарадым,босаға сыртында кең дүние, алуан тірлік барекенін көрдім. Сол жерден Отан-ана басталды. Олжаралғалы жарымаған Құл руының мен сияқты белбаласын ыстық құшағына тартты. Ауыл ақындарыЛенин, болыневиктер әперген азаттық пен әділдіктіжырға қосты. Бәрі есімде. Мұндай нәрсе өлеөлгенше ұмытылмайды, өзіңмен бірге кетеді.
Мен бүкіл өмірім үшін большевиктергеқарыздармын. «Большевик» деген сөз мен үшінбүкіл өлшеу атаулының өлшеуіндей.
Іңгәлаған үнімменен табысты
Зіркілдеген зеңбіректер дауысы.
Қызмет етіп құрылысшыдай, солдаттай,
Небір жылдар қарауылдай ауысты.
Ауысты дос, әдет: талап-талғам да,
Ал мына сөз демеу болған талғанда:
Ол – Ленин дегенмен бір жалғыз-ақ,
Ол – алғашқы махаббаттай жалғанда.
Ол – сыйынған, сүйенгенмен бір еді,
Оның күшін біздің ауыл біледі.
Еркіндікті, еңіреген ерлікті,
Тек сол сөзбен өлшейтұғын Құл еді.
 «Большевик» деу – айнымау ол ақ жолдан.
Әділеттей қара қылды қақ жарған.
Өзіне жоқ, өзгелерге бар болып,
Ол жүрген жер – бақыт қонған, бақ жанған.
«Большевик» деп ардагерлер аталған.
Ұл-қыздарға ісі – мақсат, аты – арман.
Тап тартысы – табиғаты, болмысы,
Күндері жоқ күрестерсіз жата алған.
Аралап көр анау Тайпақ даласын:
«Большевик» дер, мадақтаса баласын.
Жылмен емес, тек сол сөзбен өлшейді
Тәй тұру мен космостың да арасын.
Осы Құл атанған менің руым Жыландыдеген жерді жайлапты. Бұл сөздің «жылан» және«жылану» деген екі мағынасы бар. Мен мұныөмірбаянымда да көрсеткем. Халық айтса, қалтайтпайды: екеуі де дәл айтылған. Біріншіден, бұлжердің жыланы көп болған. Ал «жылану» дегенсөз кішкентай өзенсымақтан шыққан. Ол көктемдежыланып ағады да, жазда мүлдем кеуіп қаладыекен. Сол тамшы су үшін біздің ауылдастар бірінебірі талай сойыл ала жүгірісіпті.
Бүгін мен өзгеше Жыландыны көріп тұрып:
Құл ғана емес қыруар –
Дәуқара, Беріш, Тана екен.
Жоқ екен тіпті рулар,
Тайпы елге тұтас бала екем.
 Бір ру, ғафу, бар екен –
Даңқты Достық руы.
Бірегей екен, дана екен,
Бұл жырым соған ұлуғы –
деймін.
Бұл заманда «Өлеңті» совхозы осылай өмір сүріпкеледі. Толық адресі: Орал облысы, Тайпақ ауданы1.Қазір мен Алматыда тұрам, бірақ туған ауылдаболмаған жылдарым – кем де кем. Сонда барақалғанда уақыттың барша тынысын, қайда, қалайзырлап бара жатқанын күллі жүйке-жүйкеңменұққандай боласың. «Қарды көр де етім көр, қандыкөр де бетім көр» дегендей, ауылды көріп, айналаныда көресің.
Соғыстан кейінгі қытымыр жылдар есімненшығар емес. «Бар» деген сөзден гөрі «жоқ» дегенсөзді ауылдастар әдеқайда жиі айтатын еді.
Кешікпей жайлы уақыт, жақсы өзгерістер біздіңауылға да келе бастады. Бейбіт еңбектің алғашқыжемістеріне қуана отырып, мен оған өлең арнадым.
Мен өскен Өлеңтінің жағасында,
Көктемде өткел бермес сағасында.
Түрмекші түн түндігін колхоз ГЭС-і,
Өктем күш ерлігіне қарасын ба!
Баяғы Өлеңтінің басындағы,
Жарбиған үйлер де жоқ жасымдағы.
1 Бұл күнде «Өлеңті» совхозы Ақжайық ауданының қоластында. Автор.
 Колхозшы «кең» деп салған кешегіні
Күні ертең «тар» дер одан асырғалы.
Саялар кәрілер мен жас ұрпағы,
Әзірге болмаса да жасыл бағы, –
Қарашы, қандай туған ауылың! – деп,
Жерлестер мақтанышын жасырмайды.
Қазірде совхоздың орталығы мен бөлімшелергебылай тұрсын, Өлеңтінің шалғай қойнауқойнауларындағы жалғызілікті шопан үйлеріндеде жарқырап жанған Ильич шамдарын көресің.Жоғары вольтті электр жүйелерінің айшықты әдемібағандары ауыл үстінен өтіп, алысқа кетіп жатыр.
Нұр таратқан,
Жыр таратқан
Бағандар қадамы-ай!
Қадамы-ай алыптай аттаған
Айшылық жолдарды!
Сонша қадам
Сонша маған
Керек-ақ, далам-ай!
Шарлар ем, шарлар ем шаттана
Сай-сала, жондарды.
Жоғары вольтты линиялар біртұтас энергетикалықжүректен тараған тамырлардай республиканыңоблыстары мен аудандарын сәулесімен жалғастырыпжатыр. Бұл сәуленің нұрлылығы, қуаттылығы сонша,елімізде өндірілген, электр қуатының жалпы көлемі1980 жылы күнделікті тұрмыста қолданылып жүрген  сандардың мүлде шегінен шығып кетеді. 1340- 1380 миллиард киловатт-сағат! Бұл маған жербетінде қолдан күн жасау сияқты боп көрінеді. Бұлұлы лениндік идеяның салтанаты, атақты ГОЭЛРОжоспарының таң-тамаша жүзеге асып, жаңа қарқын,жаңа өріс, жаңа сипат алуының жемісі. Ұлан байтақОтанымызды жаппай электрлендіру арманы да айтақалғандай ақталды деп бар дауыспен пәш етугеқақымыз толық.
Біздің бесжылдықтар – бейбіт өміріміздің,социалистік құрылыстың биік бел-белестері,ел шоқтығын одан сайын көтере түскен тарихикезеңдер. Неғұрлым жіті, неғұрлым айқын көру үшінмен ой алақанына салғандай шағын тұлғаны ғанатаразыға салам. Бүтін елдің бір жылын емес, текөз ауылымның бір жылын мысалға алам. Сөйтсемқұнтты, құштар назардан еш нәрсе тыс қалмайды,бәрін көресің, бәрін білесің.
Қай үйге кірсең де – жарқын көңіл жайдарыжүз, жасаулы төр қарсы алады. «Жоқ» демейді,«бар» дейді. Ауқатты тұрмыс әр қилы белгілеріналдыңа тартады: радиоқабылдағыштардың ең жаңамаркалары, сөре-сөре кітаптар, тоңазытқыш, кіржуғыш машиналар, телевизорлар. Ана үйдің жанындада, мына үйдің жанында да меншікті «Волга»,«Москвич», «Жигули» машиналарын көресің.Ауылдастар жел тұяқты жүйріктерден ауысып, желдөңгелекті арғымақтарды «ерттеп» мінген. Мұны недейміз, ертегі, аңыздан пайда болған нәрсе деймізбе? Жоқ, бұл нағыз шындықтан, өмірдің өзінентуған жәйт. 
Осыған орай мен тағы да топшылауға басам:жаңа бесжылдықта дала еңбеккерлерінің қазіргітабысына жаңа бесжылдықта қосылатын 24-
27 процент тұрмысқа тағы да қандай өзгерістеркіргізетінін болжамақ болам. Тіпті соған қиялымжетіңкіремей қиналғаныма қуанам. Бірақ ертеңгіадам бейнесін ақын көзімен айқын көргендеймін.Ол – тұрмыстың анау-мынау тұсауларынан азат,рухани сұлу, биік мәдениетті адам. Ол «алағанқолым – береген» дегендей, өз қабілетін, қайраткүшін ортақ ісімізге – коммунизм құрылысынасарқа жұмсай білетін адам.
Ой-қиял дегеніміз бір биіктен бір биіккебаспалдақсыз да самғап шыға беретін нәрсе. Бірқиырдан бір қиырға да қас қаққанша жетіп барады.Міне, мен тағы да туған өлкем құшағындамын.Жерлестеріммен, жастық дәуренімнің достарыменкездесіп жүремін. Мен бұрынғы мектептесжолдастарым, қазір де совхоз директорларыТәтібай Сұлтанғалиев пен Бисен Досқалиевтің 1976жылдың қысында қандай қысылысқа ұшырағанынөз жаныма батқан жарадай сезініп отырмын.Басқа бір жолдасым – Жымпиты аудандық партиякомитетінің бірінші секретары Сабай Ниязовтыңда ел қамына, шаруашылыққа байланысты мазасызкүндерін өз басымнан кешіргендеймін.
Мен оларда 1975 жылдың нағыз қызу күндеріндеболдым. Бұл «қызу» деген ұғымға жұмыстыңқызулығы да, күннің қызулығы да кіреді. Әсіресесоңғысы. Өткен жылы Орал облысы көктемненқара күзге дейін жаңбыр дегеннің не екенін білгенемес. Аспан мен жер бетін шыжыған аптап шарпып  тұрды. Сол қоян жылы бір ғана Орал облысы емес,бүкіл республика бойынша дерлік осындай жұтаң ауарайына душар етті. Жол үстіндегі асфальт дегеніңізөзінен-өзі балқып жатты. Айнала – бұрқылдаған ақшаңдақ, аяқ бассаң, күртік қарға түсіп кеткендейкүмп бересің. Шөлге де шыдамды, күнге де көнбістіжусанның өзі қызыл тат шөгірге айналып, тамырынжаза алмай, бүрісіп жатып қалды.
Ал егін ше? Майданда шегініс туралы әңгімелеуқандай ауыр болса, астық жайын ауызға алуда жаныңа жара салумен бірдей болды. Ұшықиырсыз далада әр масақ, әр дән үшін қатал, ерліккүрес жүріп жатты. Егіншілердің жалақ, кезергенеріндерін көргенде мен мұның аңызақ пен желденғана емес, күнге күйіп жоқ болған байтақ егіназасына күйініп, тістенгеннен болғанын да ұқтым.Олар аянып қалған жоқ, адам қолынан келетіннәрсенің бәрін істеді. Олар ең болмаса, көктемдесебілген тұқымды қайтарып алу үшін шектен тысқиындықпен шайқасуға да бар еді. Сөйтіп жоқтанбар, азын-аулақ астық алынды. Қайыптан тайыпемес, қажырлы адам еңбегімен, жасымас жігерменалынды. Демек, қолдан келместей нәрсенің өзінқолдан келтірді.
Бір ғажабы сол, астық үшін айқаста аянбайқимылдау аш қаламыз, жұтқа ұшыраймыз дегенойдан аулақ еді. Ондай заманның қарасы үзілгенінәркім-ақ біледі. Бұған Ұлы Отан байлығы кепіл.Сондай-ақ өз қоймалары да құр емес-ті. Олардыкөбірек қобалжытқан жай – мал азығы еді.
1976 жылы оның бәрі көрген түстей артта қалды.Менің ауылым қыстан, қиналса да, қысылмай  шықты, ауырсынса да, арымай шықты. О замандардатігерге тұяқ қалдырмаған жұт қоян социалистікшаруашылыққа шеңгелін батыра алмады.
Оныншы бесжылдықтың алғашқы жылыныңкөктемі, Ленин партиясы XXV съезінің нұрынабөленгендей, менің ауылымда жаңбырлы басталды.Жалпақ дала егін жайда да, шабындықта да көктеңіздей толқыған көк орайға бөгіп жатты. Ал жазықызыл керуені ағылған алтын дәнге, қала үйлеріндейқаптаған қалың маяларға толы болды. Күндізі еңбекдүбірімен, кеші асқақ әнмен қанаттанып тұрды. Меноның осынау жарқын бейнесінен бүкіл ел бейнесінкөрдім.
Ауыл шаруашылығы жөнінде сөз болғанда,1976 жылы әсіресе дихан еңбегінің керемет жемісбергенін ерекше атау керек. Қазақстан даласыныңеңбеккерлері, мемлекетке бір миллиард жүз миллионпұт астық сату жөніндегі міндеттемелерін артығыменорындап, бұрын-соңды республикада құлақ естіп,көз көрмеген көрсеткішке жетті.
Менің ауылым – республика көлеміненқарасақ, теңізге тамған тамшыдай ғана. Бірақ теңізтамшыдан өнеді. Отанымыздың шығыстағы ірімал шаруашылығы өрісі, мол астық көзі, құдіреттіиндустрия, биік мәдениет өлкесі – Қазақстанныңалып тұлғасы да ауылдар мен селолардан, құрылысалаңдары мен өнеркәсіп ғаламаттарынан, малжайлаулары мен егін далаларынан, өмірдің өзіДостық руы деп атаған бір рудың, біртұтас семьяныңмүддесін көксейтін көп ұлтты миллиондаған тамашаадамдардың жемісті творчестволық еңбегіненқұралып, бүкіл дүние жүзіне танылып тұр. Оның
 потенциялды экономикалық мүмкіншіліктерінің шегіжоқ.
Мен тағы да, нешінші рет дейін, жаңағыдокументке – «Негізгі бағыттарға» қоса,партиямыздың Орталық Комитетінің аталмышОктябрь пленумы мақұлдаған және ССРО ЖоғарғыСоветі бекіткен оныншы бесжылдық жоспарға назараударам. Бұл бесжылдықта республикада өнеркәсіпөнімінің көлемі 40-44 процент ұлғаяды. Бұлқарқын дүр сілкініп космосқа шырқап шыққанменбірдей. О, менің аузыма тағы да Байқоңыр биігітүсті. Тегі біздің адамға, біздің қанатымызға нағызлайықты теңеу де сол сияқты. Өнеркәсіп пен ауылшаруашылығының барша саласын одан әрі жеделөркендету туралы партия қамқорлығы – бірдекөз, бірде шөл табиғатқа табынбай, даламыздаөсетін астық молшылығын қамтамасыз етудің беріккепілі, қайнар көзі. Егінжайларда суару жүйелерінкеңейтетін нақты жұмыстар жүзеге асырылады,жайлаулар суландырылады.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің орташажылдық көлемі 14-17 процент арттырылады.
Партиямыздың XXV съезі осылай ұйғарды.Демек, солай болады да. Оныншы бесжылдықтыңалғашқы, беташар жылының ойдағыдай аяқталуы даосыны сипаттайды.
Мен ақыры цифр поэзиясына, жасампаз еңбекпоэзиясына соқпай кете алмадым. Бірақ қиял құсыонымен де шектелмей, жылдар тәжірибесіне сүйенешарықтап, мені алға, алысқа жетелеп барады. Солсапардағы менің жолдасым – Ленин партиясыныңданышпандығына деген шексіз сенімім. Осы сеніммен  біз, Совет Халқы деген ортақ фамилияға ие құдіреттібір семья, Коммунистік партияның жеңімпаз туыастында КПСС XXV съезінің шешімдерін шабытпенжүзеге асыру үшін күресеміз.
– Біздің Байқоңырдан бәрі көрінеді депмен жұмысшы мақтанышымен, коммунистмақтанышымен бар дауыспен айтамын, – деді жасыкәрі болса да жаны, ой-тілегі жас, ел қызметіне төртқыз, екі ұл өсіріп берген, қырық жыл бойы дерліктемір жолда істеген Ишанқұл Дәулетов.
Мен бүгін оған:
– Дұрыс айтасыз, қадірменді Ишанқұл аға,менің партиялас, тілектес жолдасым, – деймін,– алдымызға шексіз мүмкіншіліктер мен жарқынжазықтарды жайып салған өмірдің биік баспалдағынабіз халықтың ерлік еңбегі мен партияның даналығыарқасында көтерілдік. Оныншы бесжылдықОтанымыздың мерейін онан сайын көтере түседі.Оның биігінен біз коммунистік ертеңіміздің нұрлы,нақты бейнелерін тамашалайтын боламыз. Бізжасампаз еңбектің ұлы программасына қайта-қайтаүңіле отырып, міне осындай қуанышты жәйттертуралы ойлаймыз. Ойлағанда жоспардың ұлылығытуралы ғана емес, оны ойдағыдай орындау жөніндеойлаймыз. Партия жоспары, партия ісі – халықжоспары, халық ісі.
Партия өзін – халықтарға арнады.
Сондықтан ол – миллиондардың арманы.
Партия ол – қайнар көзі өмірдің,
Партия ол – коммунизм алдағы.
1976





Пікір жазу